Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
Күнделікті нұр
Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
Петірдің есіне Исаның: «Әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Ол қақпа сыртына шығып, қатты жылады.
Матай 26:75
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Жауымның мені жеңіп шықпағанынан Ұғамын Сенің риза екеніңді маған. Адал жүрген мені аман сақтайсың, Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.
Забур жырлары 40:12–13
Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!
Ошия 12:6
Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.
Забур жырлары 147:3
— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
Миха 6:8
Тез жүгіріп, алдынан шық та, одан хал-жағдайын, өзінің, күйеуінің, ұлының амандығын сұрап білші», — деді. Қызметші оның айтқанын істеп, әйел оған: «Аманшылық», — деп жауап берді.
Патшалықтар 4-ж. 4:26
Ал Забурда: «Мен Саған сенімімді жүктедім, содан мынаны айттым» деп жазылған. Осындай сенімді Құдайға біз де жүктейміз, сондықтан Ол туралы айтамыз.
Қорынттықт. 2-хат 4:13
Танымал болмасақ та, бізді таниды. Өлгендер деп санаса да, міне, тіріміз. Бізді жазаласа да, өлген жоқпыз. Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
Қорынттықт. 2-хат 6:9–10
Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, бәрібір адалмыз. Танымал болмасақ та, бізді таниды. Өлгендер деп санаса да, міне, тіріміз. Бізді жазаласа да, өлген жоқпыз. Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
Қорынттықт. 2-хат 6:8–10
Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады». Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
Қорынттықт. 2-хат 6:16–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 11 қар.
2013 ж. 10 қар.
2013 ж. 9 қар.
2013 ж. 8 қар.
2013 ж. 7 қар.
2013 ж. 6 қар.
2013 ж. 5 қар.

Рухани өсу
Қиын тауға өрмелеу христиандық өмірді қалай көрсететінін біліңіз. Құдаймен бірге сенім сапарыңызда бір…

Артқа кету
Рухани артқа кетудің себептерін және Құдайдың мейірімді қалпына келтіру ісін зерттеңіз. Сенушілердің өкіну…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Рухани өсу
Жақыптың Құдаймен күресу оқиғасы арқылы бата алмас бұрынғы сынның Киелі кітаптағы принципін зерттеңіз.

Сенім
Жақыптың айлакерлік пен өзіне-өзі сенімділік өмірін, оның Құдаймен күресін және қалай сынғандық арқылы бата…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…