— Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді: сұйық мүр шайырынан бес жүз мысқал, жұпар иісті дәмқабық пен хош иісті қамыс тамырының өзегін екі жүз елу мысқалдан, яғни мүр шайырының жарты мөлшерінен, дайындап ал.
Мысырдан шығу 30:23
Күнделікті нұр
— Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді: сұйық мүр шайырынан бес жүз мысқал, жұпар иісті дәмқабық пен хош иісті қамыс тамырының өзегін екі жүз елу мысқалдан, яғни мүр шайырының жарты мөлшерінен, дайындап ал.
Мысырдан шығу 30:23
Киелі шатырдағы қызметке кіріскен кезде адамдар мен заттарға май жағу рәсімін жасау үшін арнайы шеберлер бұл заттарды келіде түйіп, араластырып, хош иісті май қоспасын дайындасын.
Мысырдан шығу 30:25
Осы хош иісті май қоспасын басқа адамдардың денесіне жағуға да, өздеріңе қолдану үшін сондай құрамдағы қоспаны жасауға да болмайды. Ол тек Маған ғана арналған, оны киелі деп санаңдар!
Мысырдан шығу 30:32
Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді.
Ефестікт. хат 4:4
Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ.
Қорынттықт. 1-хат 12:4
Халықтар абыржи толқып, Патшалардың тақтары шайқалады, Алла Тағаланың үні естіліп, Бүкіл жер беті балқып жоқ болады.
Забур жырлары 45:7
Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды.
Елшіл. істері 10:38
Құдай жіберген Мәсіх Оның хабарын жариялайды, өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді.
Жохан 3:34
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух өздеріңде қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер.
Жоханның 1-хаты 2:27
Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі: Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды.
Қорынттықт. 2-хат 1:21–22
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Осы дүниенің қам-қарекетін жасап жүргендер оған тым беріліп кетпесін! Себебі дүниенің қазіргі қалпы жуырда сап болып, жойылады.
Қорынттықт. 1-хат 7:31
Мәтусал барлығы тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.
Жаратылыстың баст. 5:27
Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен, ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек.
Жақыптың хаты 1:9–11
сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды, Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды. Мұны көрген көпшілік Жаратқанды Қастерлеп, Оған сенімін артады.
Забур жырлары 39:4
Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды. Бірақ сендер, бауырластарымыз, түнекте тұрмай, сол күні ұры түскендей қапыда қалмайсыңдар,
Салониқал. 1-хат 5:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 4 қар.
2013 ж. 3 қар.
2013 ж. 2 қар.
2013 ж. 1 қар.
2013 ж. 31 қаз.
2013 ж. 30 қаз.
2013 ж. 29 қаз.

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…