Еш мансап қумай, кішіпейілдікпен, көз жасымды төгіп, яһудилердің қастандықтарының кесірінен болған ауыр азапқа қарамастан, Иемізге қызмет етіп келдім.
Елшіл. істері 20:19
Күнделікті нұр
Еш мансап қумай, кішіпейілдікпен, көз жасымды төгіп, яһудилердің қастандықтарының кесірінен болған ауыр азапқа қарамастан, Иемізге қызмет етіп келдім.
Елшіл. істері 20:19
Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін! Қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл іспетті қызмет ете берсін! Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:26–28
Кімде-кім шын мәнінде өзгелерден артық болмай тұрып, ерекшемін деп көкірегін көтеріп, көмектесуден бас тартса, сол өзін-өзі алдайды.
Ғалаттықт. хат 6:3
Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.
Римдіктерге хат 12:3
Сендер де солай, Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Лұқа 17:10
Біздің айналамыздағы адамдармен, әсіресе өздеріңмен, Құдайға ұнамды ашықтықпен, адалдықпен қатынас жасап келгендігімізге ар-ұжданымыз куә; мұны мақтан тұтамыз. Ескі күнәкар болмысымыздың «даналығымен» емес, Құдайдың рақымына бола солай өмір сүріп келеміз.
Қорынттықт. 2-хат 1:12
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
Қорынттықт. 2-хат 4:7
Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:6
Нұх жер өңдеп, жер бетінде бірінші болып жүзім екті. Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырдың ішінде жалаңаш жатты.
Жаратылыстың баст. 9:20–21
Мысырға таяп қалғанда, Ыбырам әйелі Сарайға былай деді: — Сенің керемет сұлу әйел екеніңді жақсы білемін.
Жаратылыстың баст. 12:11
Маған да, саған да жақсы болсын, өз игілігің үшін де мені аман қалсын десең, өзіңді «Ыбырамның қарындасымын» деп айтарсың.
Жаратылыстың баст. 12:13
Сонда Ысқақ: — Ұлым, маған жақындашы. Сен шынымен ұлым Есаусың ба, жоқ па, соны білу үшін сені сипалап көрейін, — деді.
Жаратылыстың баст. 27:21
бірақ ол тағы бір рет: — Сен шынымен ұлым Есаумысың? — деп сұрады. Жақып: — Иә, солмын, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 27:24
Халықтар жиынында Оны дәріптесін, Ақсақалдар кеңесінде қастерлесін! Құдай өзендерді айналдырады шөлге, Ал бұлақтарды құрғатып құла түзге,
Забур жырлары 106:32–33
Исраилдіктер олардың жол азықтарынан алып көрді, алайда Жаратқан Иенің еркін сұрамады. Содан Ешуа гибеондықтармен бейбітшілік келісімін жасап, оларды аман қалдыруға уәде беріп, қауымның жетекшілері де соны антпен бекітті.
Ешуа 9:14–15
Себебі Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын санамағанда, өмір бойы Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, Оның бұйырғандарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ.
Патшалықтар 3-ж. 15:5
Бұлардың барлығы сенімдерінің арқасында Тәңір Иенің ризашылығына ие болды. Дегенмен Оның уәде еткенін иемдене алмады.
Еврейлерге хат 11:39
Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады.
Римдіктерге хат 3:24
Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:6
Әрине, Менің жасаған осы жақсылықтарымның себебі өздеріңнің соған лайықты екендіктерің емес! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сендер мұны біліп қойыңдар! Уа, Исраил халқы, істеген зұлым істеріңе шын жүректен ұялып өкініңдер!»
Езекиел 36:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 18 қаң.
2014 ж. 17 қаң.
2014 ж. 16 қаң.
2014 ж. 15 қаң.
2014 ж. 14 қаң.
2014 ж. 13 қаң.
2014 ж. 12 қаң.

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Сенім
Құдай біздің жүрегімізді көреді, ал адамдар сыртқы келбетіне қарай бағалайды. Киелі жазбаның шынайы сенім мен…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Сот
Адамзаттың зұлымдығы Нұхтың заманынан бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Мәсіхтің қайтып келуіне және…

Иса Мәсіх
Рождестволық ашықхаттар жылы, жайлы жарқыраған қорадағы ақырда жатқан баланы бейнелейді. Шындық мүлдем…

Өлім
Некрологиялық қызметтердің имандылар үшін Киелі кітап принциптеріне сәйкес келетінін біліңіз. Еске алу…