Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Күнделікті нұр
Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.
Забур жырлары 138:2
Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».
Матай 1:23
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді.
Жохан 5:23
Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді:
Філіпілікт. хат 2:9
Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.
Ефестікт. хат 1:21–22
Атқа мінгеннің көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Оның киімінде Өзінен басқа ешкім де мағынасын біле алмайтын бір Есім жазылған еді,
Аян 19:12
Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген атағы да жазылған.
Аян 19:16
Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.
Әйүп 37:23
Кім аспанға көтерілген? Кім қайтадан жерге түскен? Кім желді уысында ұстай алар? Кім мұхитты шапанымен орап қояр? Кім жердің шегін орнатқан? Өзі мен Ұлының аты кім? Білсең соны айтып берші маған.
Нақыл сөздер 30:4
Себебі өз халқы — Жаратқанның үлесі, Жақыптың ұрпақтары — Оның меншігі.
Заңды қайталау 32:9
Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:23
Әрі ауызың таңдаулы шараптай! (Жас келін:) Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін, Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын.
Таңдаулы ән 7:10
Сүйіктім менікі, ал мен онікімін, Ол жайылып жүр арасында лалагүлдің.
Таңдаулы ән 2:16
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:19–20
Бірақ сендерді Жаратқан Ие (тазартып) Өзіне меншікті халық ету үшін темір балқытатын пеш іспетті Мысыр елінен алып шығарды. Енді сендер Оның халқы әрі өз меншігі болып отырсыңдар да.
Заңды қайталау 4:20
Сонымен біз Құдаймен бірге еңбектенушіміз, ал сендер Оның «егістігісіңдер». Сондай-ақ, сендер Құдайдың «құрылысысыңдар».
Қорынттықт. 1-хат 3:9
Ал Мәсіх Құдайдың рухани Ұлы ретінде Оның үйін (яғни Құдайдың халқын) адал басқарады. Егер (Мәсіхке деген) нық сенімімізді және мақтан тұтып келген үмітімізді берік ұстансақ, біз Соның рухани үйіміз.
Еврейлерге хат 3:6
сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:5
«Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін!
Малахи 3:17
Менікінің бәрі Сенікі, Сенікінің бәрі де Менікі. Бұл адамдар арқылы Менің ұлылығым көрініп тұр.
Жохан 17:10
Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын.
Ефестікт. хат 1:18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 19 қаң.
2014 ж. 18 қаң.
2014 ж. 17 қаң.
2014 ж. 16 қаң.
2014 ж. 15 қаң.
2014 ж. 14 қаң.
2014 ж. 13 қаң.

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

Иса Мәсіх
Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Мәңгілік өмір
Ескі Өсиетте мәңгілік өмір екі рет қана айтылады. Бірінші рет «Өрлеу әндерінде» немесе «Дәреже әндерінде»…