Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым, Гүрлеген көгершіндей аһыладым. Ұдайы аспанға қарап талды көзім, Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
Ишая 38:14
Күнделікті нұр
Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым, Гүрлеген көгершіндей аһыладым. Ұдайы аспанға қарап талды көзім, Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
Ишая 38:14
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Егер де Жаратқан жар болмағанда, — Деп Исраил мойындасын әр уақытта, — Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
Забур жырлары 123:1–2
(Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.) Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан, Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным, Енді қайтып қатты шайқалмаймын. Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?
Забур жырлары 61:1–4
Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан. Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны Соққылаған боран
Ишая 25:4
Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21–23
Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Құдай сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың алдында Ізгі хабарды мойындадың.
Тімотеге 1-хат 6:12
Ал Македонияға келгеннен кейін тәніміз дамыл таппай, жан-жақтан қысым-қыспақ көрдік: сырттан — шабуыл, ішімізде — үрей-қорқыныш.
Қорынттықт. 2-хат 7:5
Пайғамбар оған: — Қорықпа, біздің жағымыздағылар оларға қарағанда әлдеқайда көп! — деп жауап берді.
Патшалықтар 4-ж. 6:16
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Құдай мені күш-қуатқа бөлейді, Мінсіз өмір жолымен жетелейді,
Патшалықтар 2-ж. 22:33
Ол қолдарымды дайындайды шайқасқа, Майыстырам тіпті қола садақты да.
Патшалықтар 2-ж. 22:35
Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды, Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.
Забур жырлары 34:7
Содан соң ол: «Уа, Жаратқан Ие, оның көзін аша гөр, көрсін!» — деп сиынды. Жаратқан Ие қызметшінің көзін ашқанда, ол қыраттың бойында Елішені айналдыра жиналып тұрған жалындаған отты аттар мен күймелерді көрді.
Патшалықтар 4-ж. 6:17
Тағы не айтайын? Гедеон, Барақ, Самсон, Ефтах, Дәуіт, Самуил және басқа пайғамбарлар туралы әңгімелеуге уақытым жетпес те еді. Олар Құдайға сенгендіктен патшаларды жеңіп шығып, әділдік орнатып, уәде етілгенге ие болды. Кейбіреулері арыстандардың аузын жауып, жалын шашқан өртті сөндіріп, семсер жүзінен аман қалды. Олар әлсірегенде Құдайдан күш алып, ұрыс-шайқаста нығайып, жау жасақтарын қуып шықты.
Еврейлерге хат 11:32–34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 4 нау.
2014 ж. 3 нау.
2014 ж. 2 нау.
2014 ж. 1 нау.
2014 ж. 28 ақп.
2014 ж. 27 ақп.
2014 ж. 26 ақп.