Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар, Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.
Нақыл сөздер 2:8
Күнделікті нұр
Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар, Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.
Нақыл сөздер 2:8
Алайда сендер Құдай Иеміздің істегендеріне қарамастан Оған сенім артпадыңдар! Ал Ол сапарларыңның кезінде түнде жайнаған отпен, күндіз бағана тәрізді бұлтпен алдарыңда жүріп, тұрақтайтын жерлерің мен жүретін жолдарыңды нұсқап отырды.
Заңды қайталау 1:32–33
Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:11–12
Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын, Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын!
Забур жырлары 34:19
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Забур жырлары 1:6
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды.
Римдіктерге хат 8:28
Жаудағының бары — білек күші ғана, ал бізге Құдайымыз Жаратқан Ие жар болып, біз үшін шайқасатын болады!» — Езекия патшаның бұл сөздерін естігенде халық жігерленді.
Шежірелер 2-ж. 32:8
Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».
Софония 3:17
Сағат үш шамасында Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Бұның аудармасы «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді.
Матай 27:46
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:5–6
Оны жәбірлеп, әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады: Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды.
Ишая 53:8
Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.
Ишая 53:10
бізге де қатысты: біз Иеміз Исаны қайта тірілткен Құдайға деген сеніміміз арқылы ақталамыз. Құдай Иеміз Исаны күнәміздің құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды және ақталғандығымызды дәлелдеу үшін қайта тірілтті.
Римдіктерге хат 4:24–25
Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.
Петірдің 1-хаты 3:18
Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы (рухани дертімізден) сауықтық.
Петірдің 1-хаты 2:24
Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.
Қорынттықт. 2-хат 5:21
Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған.
Ғалаттықт. хат 3:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 5 нау.
2014 ж. 4 нау.
2014 ж. 3 нау.
2014 ж. 2 нау.
2014 ж. 1 нау.
2014 ж. 28 ақп.
2014 ж. 27 ақп.