Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,
Руларды санау 6:24
Күнделікті нұр
Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,
Руларды санау 6:24
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар, Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Нақыл сөздер 10:22
Өзіңе үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын. Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын, Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.
Забур жырлары 5:12
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.
Забур жырлары 121:3
Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
Забур жырлары 121:5
Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!» Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.
Забур жырлары 121:7–8
«Мен, Жаратқан Ие, оны күтіп баптаймын, Әрі суарып тұрамын әрдайым, Ешкім оған зиян жасамасын лайым Деп күні-түні күзетіп қорғаймын,
Ишая 27:3
Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады. Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын. Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.
Жохан 17:11–12
Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Тімотеге 2-хат 4:18
Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге хат 2:10
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Жаратушы Тәңір Ие құлағымды ашқанда мен қасарысып, кері бұрылған жоқпын. Арқамды ұрып-соққандарға тостым, сақалымды жұлғандарға екі жағымды ұсынып, бетімді балағат пен түкіріктен жаппадым.
Ишая 50:5–6
Яһудилер: — Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді.
Жохан 11:36
Себебі Мәсіх періштелердің емес, Ыбырайымның ұрпақтарының қамын ойлайды. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды.
Еврейлерге хат 2:16–17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 10 нау.
2014 ж. 9 нау.
2014 ж. 8 нау.
2014 ж. 7 нау.
2014 ж. 6 нау.
2014 ж. 5 нау.
2014 ж. 4 нау.