Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге хат 2:10
Күнделікті нұр
Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге хат 2:10
Осы үш шәкіртіне Иса: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар!» — деді. Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!»
Матай 26:38–39
Рухани күресіп қатты қиналған Иса одан бетер сиынып мінажат етті. Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты.
Лұқа 22:44
Көңілім жабырқаңқы, рухым түсті, Қорқыныштан менің үрейім ұшты.
Забур жырлары 142:4
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Забур жырлары 19:1
Жаратқанға сиынып көз тіккендер жайнайды, Олар шаттанып, еш масқара болмайды.
Забур жырлары 33:6
Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!
Забур жырлары 33:9
Қайта, бар халықтар судың шелектегі Тамшысындай ғана болып көрінеді, Таразыға қонған шаң-тозаң іспетті Олар да салмақсыз деп есептеледі. Құдай аралдарды түйіршік секілді Оп-оңай қолына алып көтереді.
Ишая 40:15
Құдайдың әлемді айтқан сөзімен жаратып, ретке келтіргенін, яғни көз алдымыздағы жаратылысты көзге көрінетін заттан емес, ғайыптан жасап шығарғанын сенімімізбен ұғынамыз.
Еврейлерге хат 11:3
Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің. Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда:
Забур жырлары 8:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 14 нау.
2014 ж. 13 нау.
2014 ж. 12 нау.
2014 ж. 11 нау.
2014 ж. 10 нау.
2014 ж. 9 нау.
2014 ж. 8 нау.