сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Күнделікті нұр
сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Күндерім жүгірушіден де жылдам зымырап өтіп жатыр. Олар ешбір жақсылықты көрмей, лезде өте шығады. Иә, күндерім қамыстан жасалған жүйрік қайықтай, олжасына шүйілген бүркіттей зуылдап өтіп жатыр!
Әйүп 9:25–26
Түнде сен қара түнек қорқынышынан, Күндіз де қорықпайсың жау оғынан, Сескенбейсің түнгі індет-аурудан Һәм тал түсте басыңа төнген апаттан.
Забур жырлары 90:5–6
Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды.
Әйүп 14:2
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Сонда не істеуіміз керек? Мен рухыммен де, санаммен де Құдайға сиынамын, рухыммен де, санаммен де мадақтау жырларын айтамын.
Қорынттықт. 1-хат 14:15
Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер.
Ефестікт. хат 5:18–19
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Қолостықт. хат 3:16
Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта, Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
Забур жырлары 147:1
Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды, Жылы жел соққызып, ағызады суды.
Забур жырлары 147:7
Сонда мен сарылдап аққан көп судың даусындай, күннің қатты күркіріндей, көктен шыққан бір дыбысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді.
Аян 14:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 15 нау.
2014 ж. 14 нау.
2014 ж. 13 нау.
2014 ж. 12 нау.
2014 ж. 11 нау.
2014 ж. 10 нау.
2014 ж. 9 нау.