Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Жаратылыстың баст. 15:6
Күнделікті нұр
Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Жаратылыстың баст. 15:6
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды. Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті. Сондықтан да «Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады» деп жазылған. «Жаратқан Ие оны ақтады» деген сөз Ыбырайымға ғана емес, бізге де қатысты: біз Иеміз Исаны қайта тірілткен Құдайға деген сеніміміз арқылы ақталамыз.
Римдіктерге хат 4:20–24
Құдай Ыбырайым мен оның ұрпақтарына жер бетін иемденулері жайында уәде берді. Бұл уәде Ыбырайымға заңды ұстанғаны үшін емес, (Жаратқан Ие сөзінде тұрады деген) сенімі арқылы ақталғаны үшін берілді.
Римдіктерге хат 4:13
Себебі Құдайдың адамдарды ақтау жолы мынадан білінеді: ол басынан аяғына дейін сенімді қажет етеді. Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар ғой: Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді.
Римдіктерге хат 1:17
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Еврейлерге хат 10:23
Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
Забур жырлары 115:3
Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! —
Лұқа 1:37
Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
Лұқа 1:45
сендерге Құдай алдында ұялмайтындай болып жүріңдер деп ескертіп, соған көздеріңді жеткіздік, тіпті өздеріңе жалындық та. Өйткені Құдай сендерді өз Патшалығы мен салтанатты ұлылығына шақырады.
Салониқал. 1-хат 2:12
Иса: — Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер де Патшалығым осы дүниелік болса, онда Менің қасымда сақшыларым жүріп, олар Мені яһуди басшыларының қолына түсірмеу үшін күрескен болар еді. Бірақ Менің Патшалығым осы дүниелік емес, — деп жауап берді.
Жохан 18:36
Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының астына салынып берілуін күтіп отыр.
Еврейлерге хат 10:13
Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты.
Аян 11:15
Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады».
Аян 5:10
Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап, үкім кесу билігі берілген еді. Сонда мен Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандардың жандарын да көрдім. Бұлар не айуан мен оның мүсініне табынған да жоқ, не айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.
Аян 20:4
Ал әділдер көктегі Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!»
Матай 13:43
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Лұқа 12:32
Сондықтан Әкемнің Мені Патша болуға тағайындағаны сияқты, Мен де сендерді билік жүргізуге тағайындаймын: Менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жеп, тақтарыңа отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар.
Лұқа 22:29–30
Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 23 нау.
2014 ж. 22 нау.
2014 ж. 21 нау.
2014 ж. 20 нау.
2014 ж. 19 нау.
2014 ж. 18 нау.
2014 ж. 17 нау.