Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
Аян 3:2
Күнделікті нұр
Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
Аян 3:2
Күллі дүние атаулының ақыры таяп келеді. Сондықтан сиынып дұға ете алу үшін байсалды да салауатты болыңдар!
Петірдің 1-хаты 4:7
Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
Петірдің 1-хаты 5:8
Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар!
Заңды қайталау 4:9
Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын. Бірақ біз алған бағытынан кері қайтып, тозаққа түсетіндердің қатарынан емеспіз. Қайта, Құдайға нық сеніп, мәңгі құтқарылмақпыз.
Еврейлерге хат 10:38–39
Сендерге айтқанымды бәріне де айтамын: сергек болыңдар!
Марқа 13:37
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін, Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын Деп саған берік уәдемді беремін.
Ишая 41:13
Олар бабаларындай істеп жүрмесін: Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін, Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін, Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын.
Забур жырлары 77:8
«Жаратқан Ие тез қаһарланбайды, Ол сондай сенімді де қайырымды, Көтеріліс пен теріс қылықтарды Тіпті кешіруге дайын тұрады! Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды, Ол аталарының кінәлары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».
Руларды санау 14:18
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты.
Титке хат 3:5
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:3–4
Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 20 нау.
2014 ж. 19 нау.
2014 ж. 18 нау.
2014 ж. 17 нау.
2014 ж. 16 нау.
2014 ж. 15 нау.
2014 ж. 14 нау.