Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!
Матай 25:34
Күнделікті нұр
Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!
Матай 25:34
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Лұқа 12:32
Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.
Жақыптың хаты 2:5
Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.)
Римдіктерге хат 8:1
өйткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді. Себебі сендер Мені сүйіп, Құдайдан келгеніме сенесіңдер.
Жохан 16:27
Ал олар одан гөрі жақсы елді, яғни көктегі отандарын, аңсап күтті. Сол себептен де Құдай олардың Құдайы деп аталудан бас тартпайды, соларға арнап Ол көкте мәңгілік қаланы дайындап та қойды.
Еврейлерге хат 11:16
Жеңіп шыққан әркім осы игіліктердің бәрін иемденеді. Мен оған Құдай, ол Маған рухани бала болады.
Аян 21:7
Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Тімотеге 2-хат 4:8
Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Філіпілікт. хат 1:6
Себебі байлық мәңгілік емес, Билік те ұрпақтан ұрпаққа берілмес.
Нақыл сөздер 27:24
Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың, Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың. Игі істеріңді айтуға тырыссам, Көптігі сонша, санауға жетпейді сан: Саған тең келе алмас бірде-бір жан!
Забур жырлары 39:6
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Жер бетінде өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар! Оларды күйе жеп, тот басады немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді. Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.
Матай 6:19–21
Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»!
Қорынттықт. 1-хат 9:25
Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.
Қорынттықт. 2-хат 4:18
Арамза өткінші өнім жинайды. Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды.
Нақыл сөздер 11:18
Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Тімотеге 2-хат 4:8
Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар.
Петірдің 1-хаты 5:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 28 нау.
2014 ж. 27 нау.
2014 ж. 26 нау.
2014 ж. 25 нау.
2014 ж. 24 нау.
2014 ж. 23 нау.
2014 ж. 22 нау.