Сіздің бұйрықтарыңызға қарсы шығып, сөздеріңізді толықтай тыңдамайтын кез келген адам өлтіріледі. Сонымен қайратты да батыл болыңыз!
Ешуа 1:18
Күнделікті нұр
Сіздің бұйрықтарыңызға қарсы шығып, сөздеріңізді толықтай тыңдамайтын кез келген адам өлтіріледі. Сонымен қайратты да батыл болыңыз!
Ешуа 1:18
(Дәуіттің жыры.) Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием, Жартастай берік қорғанымсың Сен, Бас тарта көрме маған жауап беруден. Егер де тіл қатып жауап бермесең, Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Забур жырлары 27:1
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Ишая 40:29–31
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Сонда ден қойып бар өсиеттеріңе, Ешқашан масқара болмас та едім.
Забур жырлары 118:6
Осы салтанатыңмен жеңіске аттан Ақиқат, кішіпейілдік, әділдік үшін, Мықты оң қолың ғажап істер істесін.
Забур жырлары 44:5
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Олар алтын, күміс, қола және темірмен жұмыс жасауды біледі. Іске кірісіп, әрекет ете бер, Жаратқан Ие саған жар бола көрсін!
Шежірелер 1-ж. 22:16
Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып: — Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді.
Жохан 11:11
Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз. Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.
Салониқал. 1-хат 4:13–14
ешқандай қайта тірілу болмағанда Мәсіх те қайта тірілмес еді ғой. Ал егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімдеріңнен еш пайда болмай, күнәларың әлі де мойындарыңда қала берер еді. Сондай-ақ, Мәсіхке сеніп қайтыс болғандар тозаққа түсер еді.
Қорынттықт. 1-хат 15:16–18
Алайда өлгендердің алғашқысы ретінде Мәсіх өлімнен біржола қайта тірілді!
Қорынттықт. 1-хат 15:20
Бүкіл халық Иордан өзенінің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін, Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді:
Ешуа 4:1
Оларға мынадай бұйрық беріңдер: Діни қызметкерлердің Иорданның ортасында қозғалмай тұрған жерінен он екі тас алыңдар. Оларды бүгін кеште халық түнейтін жерге дейін көтеріп апарып, сонда қойыңдар».
Ешуа 4:3
оларға: «Иордан өзенінің суы Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында кесілгендей қақ айырылды. Келісім сандығы Иорданды кесіп өткенде өзеннің суы ақпай тұра қалды. Сондықтан осы тастар Исраил халқы үшін мәңгілік ескерткіш болады» деп жауап беріңдер».
Ешуа 4:7
Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәміз!
Елшіл. істері 2:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 27 нау.
2014 ж. 26 нау.
2014 ж. 25 нау.
2014 ж. 24 нау.
2014 ж. 23 нау.
2014 ж. 22 нау.
2014 ж. 21 нау.