Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Матай 6:31–32
Күнделікті нұр
Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Матай 6:31–32
Сонда мен Жаратқанға шаттанамын, Мені құтқарған Иеме қуанамын, Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын: «Күшсіз жанды күштіден қорғайтын, Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»
Забур жырлары 34:9–10
Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді. Адалдық жер бетінен көктеп шығады, Әділдік көктен төмен қарап тұрады.
Забур жырлары 84:11–12
Жалпы, сендерді уайым-қайғы баспаса екен деймін. Үйленбеген ер адам Иемізге ұнауға ұмтылып, Оның ісінің қамын ойлайды.
Қорынттықт. 1-хат 7:32
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
Матай 10:29–31
Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап: «Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па?» — деді.
Марқа 4:40
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді:
Марқа 11:22
Осындай істерімен халық өзін қорлады, Қасиетті Келісімге сатқындық жасады.
Забур жырлары 105:39
Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың, Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:13–14
Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,
Забур жырлары 121:6
оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.
Ишая 4:6
Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
Забур жырлары 121:5
Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.
Забур жырлары 121:8
Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.
Мысырдан шығу 13:21–22
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 4 мам.
2014 ж. 3 мам.
2014 ж. 2 мам.
2014 ж. 1 мам.
2014 ж. 30 сәу.
2014 ж. 29 сәу.
2014 ж. 28 сәу.