Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.
Ишая 53:10
Күнделікті нұр
Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.
Ишая 53:10
Қазір көңілім қатты толқу үстінде. Мен не айтайын: «Әке, Мені осы күннен құтқара гөр» дейін бе? Қайта, бұл күнге осыны бастан кешіру үшін жеттім ғой. Әке, өз атыңды ұлылыққа жеткізе гөр! — Сонда көктен: «Мен оны ұлылыққа жеткіздім және бұдан былай да жеткізе беремін!» — деген үн естілді.
Жохан 12:27–28
«О, Әкем, егер Сен қаласаң, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» Сонда көктен бір періште келіп, Исаға күш берді.
Лұқа 22:42–43
Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Філіпілікт. хат 2:8
Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын.
Жохан 10:17
Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім.
Жохан 6:38
Ал Иса Петірге: «Семсеріңді қынабына сал! Әкем Маған белгілеп қойған азапты тартуым керек, соны білмеуші ме едің?» — деп ескертті.
Жохан 18:11
Мені жіберген Әкем Өзіммен бірге. Мен әрқашан Оған ұнайтынын істейтіндіктен, Әкем Мені жалғыз қалдырмайды.
Жохан 8:29
Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді.
Матай 3:17
«Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім, Жаным рақат табатын таңдаулым! Оған қондырдым Өзімнің Рухымды, Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді.
Ишая 42:1
— Мен қамалыңның үстіне күзетшілер қойдым, уа, Иерусалим. Олар күндіз-түні үнсіз қалмай, мінажат етуге тиіс. Ей, Жаратқан Иеге сиынатындар, ешқашан жалбарынуларыңды доғармаңдар!
Ишая 62:6
Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді: «Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға Және мөрлерін бұзып, оны ашуға! Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады».
Аян 5:9–10
Кернейлерді тартатындар — Һароннан тараған діни қызметкерлер болсын. Бұл — болашақтағы ұрпақтарыңа да тиісті тұрақты ереже. Елдеріңде өздеріңе зорлық жасаған жауға қарсы соғысқандарыңда да, кернейлерді дабыл беріп тартыңдар! Сонда Мен, Құдайларың Жаратқан Ие, сендерді ескеріп, жауларыңнан құтқаратын боламын.
Руларды санау 10:8–9
Мен көзден таса, қараңғы жерден құпиялап сыбырлаған емеспін, әрі Жақыптың ұрпақтарынан Өзіме бекерге бет бұрып, бой ұсынуын талап етпедім. Қайта, Мен, Жаратқан Ие, нағыз шындықты айтамын және анық паш етемін.
Ишая 45:19
Соңында Леуіден тараған діни қызметкерлер орындарынан тұрып, халыққа бата берді. Олардың дауыстарына Құдай құлақ асып, мінажаттары Оның көктегі киелі тұрағына жетіп жатты.
Шежірелер 2-ж. 30:27
Алайда мен сүрінгенде олар қуанды, Айыптауға маған қарсы жиналды, Бейхабар мені үздіксіз даттады,
Забур жырлары 34:15
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Жақыптың хаты 5:16
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Себебі сендер Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді. Сол күні аспан өртеніп құрып, дүниенің құрамдас бөліктері оттың жалынында балқып кетеді.
Петірдің 2-хаты 3:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 7 мам.
2014 ж. 6 мам.
2014 ж. 5 мам.
2014 ж. 4 мам.
2014 ж. 3 мам.
2014 ж. 2 мам.
2014 ж. 1 мам.