Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)
Забур жырлары 51:2
Күнделікті нұр
Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)
Забур жырлары 51:2
Оларды Менің алдымда жасаған күнәларының бәрінен тазартып, солардың Маған қарсы бас көтергенде жасаған әділетсіз істерінің барлығын кешіремін.
Еремия 33:8
Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын.
Езекиел 36:25
Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса Құдайдың Патшалығын көре алмайды.
Жохан 3:5
Таураттың ережелеріне сай арам деп есептелген адамдарға құрбандыққа шалынған қошқардың не бұзаудың қаны, немесе шалынып, өртелген жас сиырдың күлі бүркіліп себілетін. Сол арқылы олар сырттай тазартылатын. Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз.
Еврейлерге хат 9:13–14
Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін!
Забур жырлары 106:8
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Забур жырлары 115:1
Себебі сендерге Ізгі хабар жеткен алғашқы күннен бастап оны таратуға бізбен ортақтасып келе жатырсыңдар.
Філіпілікт. хат 1:5
Көптеген мүшелері болса да адамның денесі біреу, әрі мүшелері қаншама көп болғанмен тұтас бір денені құрайды: Мәсіхтің рухани денесімен де дәл солай. Себебі яһуди не басқа ұлттың адамы, құл немесе ерікті болайық, бәріміз бір Киелі Рух арқылы біртұтас рухани денеге енгізілдік. Барлығымыз да сол бір Киелі Рухқа кенелдік.
Қорынттықт. 1-хат 12:12–13
Құдай уәделеріне берік, Ол сендерді Өзінің рухани Ұлы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болуға шақырған.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Иса осыны айтқаннан кейін, аспанға қарап былай деді: — Әке, уақыт жетті. Рухани Ұлыңды ұлылыққа бөлей гөр, сонда Мен Сенің ұлылығыңды көрсете аламын.
Жохан 17:1
Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын. Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін, Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.
Жохан 17:20–21
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 18 мам.
2014 ж. 17 мам.
2014 ж. 16 мам.
2014 ж. 15 мам.
2014 ж. 14 мам.
2014 ж. 13 мам.
2014 ж. 12 мам.