Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 12 мамыр, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сүйікті бауырларым, бір-бірімізді сүйейік! Себебі сүйіспеншілік Құдайдан; сүйетін адам — Құдайдың рухани баласы, ол Құдайды танып біледі.

Жоханның 1-хаты 4:7

Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.

Римдіктерге хат 5:5

Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.

Римдіктерге хат 8:15–16

Оның рухани Ұлына сенген кісінің жүрегінде Құдайдың куәлігі жүреді. Ал Құдайға сенбеген кісі Оны өтірікші етіп көрсетеді, себебі ол Құдайдың Өзінің рухани Ұлы туралы берген куәлігіне сенбейді.

Жоханның 1-хаты 5:10

Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді.

Жоханның 1-хаты 4:9

Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын

Ефестікт. хат 1:7

Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек.

Ефестікт. хат 2:7

Сүйікті бауырларым, Құдай бізді осылайша сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюіміз керек.

Жоханның 1-хаты 4:11

Өзі ағаш ұстасының Баласы емес пе? Шешесінің аты — Мәриям, ал інілері — Жақып, Жүсіп, Шимон, Яһуда.

Матай 13:55

Бірақ Натанайыл: — Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің? — деп жауап қатты. Філіп оған: — Келіп, өзің көр! — деді.

Жохан 1:46

— Самариялық екенсің, Сені жын соққан деп тұрғанымыз дұрыс емес пе? — деп әлгі яһудилер Исаға тіл тигізді.

Жохан 8:48

Бірақ парызшылдар: — Ол жындарды солардың әміршісінің күшімен қуып шығарады! — деп жала жапты.

Матай 9:34

Сонда парызшылдар бұрын соқыр болған жігітті екінші рет шақырып алып: — Құдай алдында шыныңды айт! Ана Кісінің күнәкар екенін білеміз, — деп тергеді.

Жохан 9:24

Келген жұрт Ол туралы көп күңкіл сөз айтып жатты. Біреулері: «Ол жақсы», — десе, басқалары: «Жоқ, халықты азғырып жүр», — деді.

Жохан 7:12

Сонда дін мұғалімдері: «Бұл Кісі Құдайды қорлап тұр ғой!» — деп іштей наразы болды.

Матай 9:3

Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда олар: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді, әрі салықшылармен, күнәкарлармен дос!» деп жамандайды. Алайда даналықтың игілігі одан туындаған ізгі істермен дәлелденеді.

Матай 11:19

Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса, оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?

Матай 10:25

Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза. Бірақ егер жасаған жамандықтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мақтарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды. Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.

Петірдің 1-хаты 2:19–23

Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады.

Петірдің 1-хаты 4:14

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 11 мам.

    Қорынттықт. 1-хат 15:34 · Салониқал. 1-хат 5:5–6

  • 2014 ж. 10 мам.

    Жоханның 1-хаты 3:8 · Ефестікт. хат 6:12

  • 2014 ж. 9 мам.

    Еврейлерге хат 11:1 · Қорынттықт. 1-хат 15:19

  • 2014 ж. 8 мам.

    Ишая 53:10 · Жохан 12:27–28

  • 2014 ж. 7 мам.

    Матай 24:6 · Забур жырлары 46:1–3

  • 2014 ж. 6 мам.

    Забур жырлары 85:10 · Ишая 45:21

  • 2014 ж. 5 мам.

    Матай 6:31–32 · Забур жырлары 34:9–10