Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 18 мамыр, жексенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.

Жохан 5:26

Қазір Ол соны Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің келуімен ашық көрсетті: Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді.

Тімотеге 2-хат 1:10

Ал Иса оған: — Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.

Жохан 11:25

Енді аз уақыт қалды, содан кейін осы күнәкар дүние Мені көрмейді, ал сендер Мені көресіңдер. Мен қайта тірілемін, сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.

Жохан 14:19

Алғашқы сенімімізді аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз.

Еврейлерге хат 3:14

Себебі кейбір адамдарды істегендеріне өкіндіріп, қайтадан Құдай жолына түсіру мүмкін емес: бір кезде жан дүниелері Тәңір Иенің нұрынан ағарған еді. Олар Оның көктен жіберген сыйының дәмін татып, Киелі Рухтан үлестерін алды.

Еврейлерге хат 6:4

Өзінің болмысы сондай ұлы әрі ізгілікті болғандықтан, Құдай бізге аса құнды да тамаша уәделерін берді. Бұл уәделерінің арқасында сендер Құдайдың әділ болмысын бөлісіп, арам құмарлықтарға салынбай, осы күнәкар дүниелік адамдардың азғындығынан аулақ жүріп құтыла аласыңдар.

Петірдің 2-хаты 1:4

Тауратта осылай деп жазылған: Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух.

Қорынттықт. 1-хат 15:45

Сендерге мына құпияны айтайын: бәріміз бірдей өлмейміз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз.

Қорынттықт. 1-хат 15:51–52

Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды. Төрт нөкер тақта отырған, мәңгілік өмір сүретін Құдайға даңқ пен құрмет көрсетіп, шүкірлік еткен сайын,

Аян 4:8–9

Құдай Өзінің белгілеген кезінде Мәсіхті салтанатпен көрсететін болады. Ол — мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі, мәңгіліктің жалғыз Иесі! Ол ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады, ешбір адам баласы Оны көрген де емес, көре де алмайды. Қадір-құрмет пен билік мәңгі Онікі! Аумин.

Тімотеге 1-хат 6:15–16

Мәңгілік Патша — өлмес, көзге көрінбес бірден-бір Құдай мәңгі құрметтеліп, ұлылығы мадақтала берсін! Аумин.

Тімотеге 1-хат 1:17

Жеке басымызды қастерлеп, бір-бірімізді ашуландырып, күндеуге жол бермейік!

Ғалаттықт. хат 5:26

Алайда ол: — Менің сіздерден бір өтінішім бар: әрбіреуіңіз жаудан олжалағандарыңыздан бір-бір алтын сырғадан берсеңіздер екен, — деп қосты. Себебі жау сарбаздары ысмағұлдықтар болғандықтан, құлақтарына алтын сырға тағып жүретін еді. Исраилдіктер: — Әрине, сөзсіз береміз! — деп, бір шапанды жерге жайып жіберді де, әркім соған жаудан олжалаған сырғаларының біреуін тастады.

Билер 8:24–25

Сол алтынды Гедеон діни қызметкер киіп жүретін жеңсіз сырт киім жасауға жұмсап, соны өз қаласы Офраға апарып қойды. Кейін бүкіл Исраил халқы сонда барып, сол «қасиетті» киімге табына бастады. Осылай олар азғындыққа батты. Тіпті Гедеон мен оның әулеті де бұл тұзаққа ілініп қалды.

Билер 8:27

Осылай бола тұра, сен өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыласың ба? Солай істеме! Мен бүкіл адамзатқа апат жіберемін. Алайда Мен сені қайда барсаң да, тірі қалдырып, өз жаныңды өзіңе олжа етемін. Мен, Жаратқан Ие осыған уәде беремін!

Еремия 45:5

Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ.

Қорынттықт. 2-хат 12:7

Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!

Філіпілікт. хат 2:3

Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды, Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды, Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды, Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,

Қорынттықт. 1-хат 13:4–5

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 17 мам.

    Езекиел 20:19 · Жоханның 1-хаты 2:6

  • 2014 ж. 16 мам.

    Римдіктерге хат 1:1 · Жохан 13:13

  • 2014 ж. 15 мам.

    Аян 21:4 · Ишая 25:8

  • 2014 ж. 14 мам.

    Філіпілікт. хат 3:10 · Матай 10:25

  • 2014 ж. 13 мам.

    Тімотеге 1-хат 2:8 · Жохан 4:23–24

  • 2014 ж. 12 мам.

    Жоханның 1-хаты 4:7 · Римдіктерге хат 5:5

  • 2014 ж. 11 мам.

    Қорынттықт. 1-хат 15:34 · Салониқал. 1-хат 5:5–6