Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Күнделікті нұр
Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Сен қараңғылық жайғанда түн болады, Орманның аңдары кезіп сандалады, Жас арыстандар ақырып олжа аңсайды, Құдайдан өздеріне азық сұрайды.
Забур жырлары 103:20–21
Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім.
Жохан 6:38
Мені жек көргендердің барлығы Өзара маған қарсы сыбырласады, Былай деп жамандық ойластырады:
Забур жырлары 40:8
Иса екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып: «О, Әкем, егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын!» — деп мінажат етті.
Матай 26:42
Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады.
Матай 7:21
Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер ғана Құдай алдында ақталады.
Римдіктерге хат 2:13
Мұны біліп, осылай іс-әрекет етсеңдер, бақытты боласыңдар!
Жохан 13:17
Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.
Жақыптың хаты 4:17
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Римдіктерге хат 12:2
Өйткені тілдің тамақтың дәмін ажырататыны сияқты, адамның құлағы да сөздерді тексеріп ажыратады.
Әйүп 34:3
Сүйікті бауырларым, кез келген рухтарға сене бермеңдер, олар Құдайдан келген бе, жоқ па — алдымен соны анықтаңдар! Өйткені көптеген жалған пайғамбарлар жер жүзіне тарады.
Жоханның 1-хаты 4:1
Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!
Жохан 7:24
Енді айтатынымды парасаттылар ретінде пайымдап, ақылға салыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 10:15
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Қолостықт. хат 3:16
Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Аян 2:29
Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды.
Қорынттықт. 1-хат 2:15
Иса оларға былай деп қосты: — Не тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Қандай мөлшерде көңіл бөлсеңдер, өздеріңе сондай мөлшерде түсінік беріледі, тіпті үстемелеп те беріледі.
Марқа 4:24
Мен сенің істеріңді білемін: сен еңбек етіп, шыдамды болып келесің. Арам адамдарға төзе алмай, өздеріне Құдайдың елшілері деген атақты таңатындарды сынап, өтірікшілер екенін анықтадың.
Аян 2:2
алайда бәрін де тексеріп сынаңдар! Жақсысын ғана қабылдап, берік ұстаныңдар!
Салониқал. 1-хат 5:21
Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды. Олар бөтен кісінің соңынан ермей, одан қашады, себебі оның даусын танымайды.
Жохан 10:3–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 14 шіл.
2014 ж. 13 шіл.
2014 ж. 12 шіл.
2014 ж. 11 шіл.
2014 ж. 10 шіл.
2014 ж. 9 шіл.
2014 ж. 8 шіл.