Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 17 шілде, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді: — Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.

Жүніс 4:2

Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой: «Жаратқан Ие тез қаһарланбайды, Ол сондай сенімді де қайырымды, Көтеріліс пен теріс қылықтарды Тіпті кешіруге дайын тұрады! Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды, Ол аталарының кінәлары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».

Руларды санау 14:17–18

Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала, Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа, Бет нұрыңды төксең бізге тағы да, Құтқарылатын боламыз осылайша. Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің, Басқа ұлттарды елден қуып шығардың, Солардың орнына бізді отырғыздың.

Забур жырлары 79:8–9

— Күнәларымыздың көптігі бізге қарсы айғақ болса да, уа, Жаратқан Ие, өз есіміңнің даңқы үшін бізді құтқара көрші! Опасыздығымыз шегінен шыққан, Сенің көз алдыңда күнәға баттық.

Еремия 14:7

Өз күнәларымызды, ата-бабаларымыздың зұлымдығын мойындаймыз, уа, Жаратқан Ие! Біз шынында да Сенің алдыңда күнә жасадық.

Еремия 14:20

О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!

Забур жырлары 130:3–4

Иеміз сүйген қымбатты бауырластар, сендер үшін Құдайға үнемі алғыс айтуға міндеттіміз. Себебі Ол сендерді Киелі Рухының арқасында Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүріп, әрі шындыққа сеніп құтқарылуларың үшін әуел бастан таңдап алған еді.

Салониқал. 2-хат 2:13

Көтерілші, самал желім, солтүстіктен, Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен, Өзімнің бақшама соғып келсеңші, Жұпарларын оның тарата берсеңші! Сүйген жарым өз бақшасына келсін, Тәтті жемістерінен таңдап жесін!

Таңдаулы ән 4:16

Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе кінәратсыз таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер.

Қорынттықт. 2-хат 7:11

Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып,

Ефестікт. хат 5:9–10

Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді.

Жохан 14:26

Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.

Римдіктерге хат 5:5

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,

Ғалаттықт. хат 5:22

Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті.

Қорынттықт. 2-хат 8:2

Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.

Қорынттықт. 1-хат 12:11

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 16 шіл.

    Мысырдан шығу 19:6 · Аян 5:9–10

  • 2014 ж. 15 шіл.

    Матай 6:10 · Забур жырлары 103:20–21

  • 2014 ж. 14 шіл.

    Матай 12:34 · Қолостықт. хат 3:16

  • 2014 ж. 13 шіл.

    Таңдаулы ән 7:10 · Тімотеге 2-хат 1:12

  • 2014 ж. 12 шіл.

    Мысырдан шығу 33:14 · Заңды қайталау 31:6

  • 2014 ж. 11 шіл.

    Еремия 15:20 · Ишая 49:24–26

  • 2014 ж. 10 шіл.

    Матай 10:24 · Жохан 13:13