Есімі киелі Құдіретті Құдай Маған керемет ұлы істер жасайды!
Лұқа 1:49
Күнделікті нұр
Есімі киелі Құдіретті Құдай Маған керемет ұлы істер жасайды!
Лұқа 1:49
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас, Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас? Сен ғана толықтай қасиеттісің! Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің, Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің, Себебі ашылды әділ үкімдерің!»
Аян 15:4
Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар: Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін,
Матай 6:9
«Исраилдің сиынатын Құдайы Мадақталсын: оның Жаратқан Иесі! Құдай таңдап алған халқына келеді, Оны құтқарып алып азат етеді!
Лұқа 1:68
— Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол: — Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді.
Ишая 63:1
Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады. Оның даңқы қауымда Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін! Аумин.
Ефестікт. хат 3:20–21
«Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»
Забур жырлары 133:3
Осы жер Арнон аңғарының жағасындағы Арогерден Сирион, яғни Хермон, тауына дейін созылып,
Заңды қайталау 4:48
«Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»
Забур жырлары 133:3
— Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты.
Ошия 14:5
Тағылымым жаусын жаңбыр тамшыларындай, Сөздерім түссін түннің мөлдір шығындай, Жас шөпке құйылған таза жаңбырдай, Көк құраққа төгілген жұмсақ нөсердей.
Заңды қайталау 32:2
Аспаннан жауған жаңбыр мен қар аспанға бекер қайта оралмайды. Керісінше, олар жерді суарып, көгертіп, дақылдарды өсіріп шығарады да, диқанға себуге тұқым, халыққа жеуге нан береді. Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады».
Ишая 55:10–11
Құдай жіберген Мәсіх Оның хабарын жариялайды, өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді.
Жохан 3:34
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Киелі орнына қарай қол жайып Иемізді мадақтай беріңдер!»
Забур жырлары 133:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 18 шіл.
2014 ж. 17 шіл.
2014 ж. 16 шіл.
2014 ж. 15 шіл.
2014 ж. 14 шіл.
2014 ж. 13 шіл.
2014 ж. 12 шіл.