Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты,
Еврейлерге хат 2:14
Күнделікті нұр
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты,
Еврейлерге хат 2:14
Қазір Ол соны Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің келуімен ашық көрсетті: Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді.
Тімотеге 2-хат 1:10
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Ишая 25:8
Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта Пайғамбарлар жазбаларындағы мынадай уәделер орындалады: Өлім жеңіліп, біржола жоқ болады. Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады. Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:54–57
Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.
Тімотеге 2-хат 1:7
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 10 там.
2014 ж. 9 там.
2014 ж. 8 там.
2014 ж. 7 там.
2014 ж. 6 там.
2014 ж. 5 там.
2014 ж. 4 там.