Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
Қорынттықт. 1-хат 3:21
Күнделікті нұр
Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
Қорынттықт. 1-хат 3:21
Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:23
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:13–14
Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.
Ефестікт. хат 1:22
Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!
Ефестікт. хат 5:25
Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
Ефестікт. хат 5:27
Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
Забур жырлары 34:2
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші, Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.
Забур жырлары 16:2
Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым. Уа, Құдайым, Саған дұға етемін, Себебі Сен маған жауап бересің, Қазір де құлақ түрші сөзіме менің,
Забур жырлары 16:5–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 20 там.
2014 ж. 19 там.
2014 ж. 18 там.
2014 ж. 17 там.
2014 ж. 16 там.
2014 ж. 15 там.
2014 ж. 14 там.