Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де. Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:7–8
Күнделікті нұр
Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де. Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:7–8
Әркім жеке басының емес, басқаның мүддесін ойлауы керек.
Қорынттықт. 1-хат 10:24
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Себебі мен ешбір ұятқа қалмайтыныма, қайта, батылдыққа кенеліп тірі жүремін бе, не өлемін бе, әрдайым болғандай, қазір де өз бойымда Иса Мәсіхтің дәріптелетініне үміт артып, соған нық сенемін. Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең. Егер тәнім сау болса, өнімді еңбек ете аламын. Енді нені таңдауды білмей, екеуіне де құштармын: бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы,
Філіпілікт. хат 1:20–23
Адам өлгенде заңға бағынудан босайтыны сияқты, мен де Таурат заңы бойынша өлімге кесіліп, сол заңды орындаудан босатылдым. Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім. Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім, сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:19–20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 21 там.
2014 ж. 20 там.
2014 ж. 19 там.
2014 ж. 18 там.
2014 ж. 17 там.
2014 ж. 16 там.
2014 ж. 15 там.