Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
Жоспарлар

2014 ж. 28 тамыз, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
2014 ж. 28 там.

Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді: «Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.

Аян 12:10

Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.

Аян 12:11

Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды,

Римдіктерге хат 8:33

ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.

Римдіктерге хат 8:34

Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.

Қолостықт. хат 2:15

Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты,

Еврейлерге хат 2:14

әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдарды азат етті.

Еврейлерге хат 2:15

Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.

Римдіктерге хат 8:37

Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар!

Ефестікт. хат 6:11

құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!

Ефестікт. хат 6:17

Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.

Қорынттықт. 1-хат 15:57

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

  • 2014 ж. 27 там.

    Забур жырлары 119:105 · Забур жырлары 17:4–5

  • 2014 ж. 26 там.

    Мысырдан шығу 28:36 · Еврейлерге хат 12:14

  • 2014 ж. 25 там.

    Ишая 51:1 · Забур жырлары 51:5

  • 2014 ж. 24 там.

    Мысырдан шығу 3:7 · Ишая 53:3

  • 2014 ж. 23 там.

    Еремия 31:3 · Салониқал. 2-хат 2:13–14

  • 2014 ж. 22 там.

    Римдіктерге хат 14:7–8 · Қорынттықт. 1-хат 10:24

  • 2014 ж. 21 там.

    Забур жырлары 119:57 · Қорынттықт. 1-хат 3:21