Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Римдіктерге хат 12:2
Күнделікті нұр
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Римдіктерге хат 12:2
Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама! Даулы мәселеге куәлік келтіргенде көпшіліктің ықпалымен шындықты бұрмалама!
Мысырдан шығу 23:2
Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Жақыптың хаты 4:4
Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? Мәсіх пен белияр (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар? Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
Қорынттықт. 2-хат 6:14–16
Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ.
Жоханның 1-хаты 2:15
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Сол кезде сендер осы күнәкар дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің, яғни Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер.
Ефестікт. хат 2:2
Бірақ сендердің Мәсіх туралы үйренгендерің мұндай емес еді ғой! Оның айтқандарын естіп, Онымен тығыз байланысып, шынайы тәлім алып келдіңдер. Себебі шындық Исада.
Ефестікт. хат 4:20–21
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 10 қыр.
2014 ж. 9 қыр.
2014 ж. 8 қыр.
2014 ж. 7 қыр.
2014 ж. 6 қыр.
2014 ж. 5 қыр.
2014 ж. 4 қыр.

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Бауырлас Махаббат
Бұл мақала 1 Жоханға сәйкес мәсіхші бауырластығын анықтайды, ол тек белгілі бір конфессияны емес, Исаға…

Шәкірттік
Христиан әйелдер Нұх пен Әйүп сияқты өз ұрпағына қызмет етуге, дүниелік сәйкестікке қарсы тұруға шақырылады.
Қауымдастық
Біз білетін жергілікті шіркеудегі Мәсіхтегі әпке сол жердегі кейбір мәсіхшілер үшін үлкен реніш көзі болып…

Құлшылық
Забур 19-да Құдайдан келген екі құдіретті хабарды ашыңыз, Оның жаратылыс арқылы орасан зор құдіретін және Өз…