Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
Зәкәрия 4:6
Күнделікті нұр
Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
Зәкәрия 4:6
Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, Кеңесшісі болып бағыт берді Оған?
Ишая 40:13
Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын таңдап алды. Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды.
Қорынттықт. 1-хат 1:27–29
Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас, — деді.
Жохан 3:8
Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.
Жохан 1:13
Мысырдан шыққандарында Мен осылай болады деп сендердің ата-бабаларыңмен Келісім жасағанмын. Бұдан былай да Менің Рухым араларыңда тұратын болады. Қорықпаңдар!»
Хаққай 2:5
Яхазиел жамағатқа тіл қатып былай деді: — Тыңдаңдар, бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындары! Жосапат патша, сіз де тыңдаңыз! Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол қалың тобырдан үрейленіп қорықпаңдар! Бұл шайқасты сендер емес, Құдайдың Өзі жүргізеді!
Шежірелер 2-ж. 20:15
Мұнда жиналғандардың бәрі де Жаратқан Иенің құтқару үшін семсер мен сүңгіні керек қылмайтынына көз жеткізетін болады! Себебі бұл соғысты Жаратқан Иенің Өзі жүргізіп, сендерді біздің қолымызға тапсырады!
Патшалықтар 1-ж. 17:47
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 30 қаз.
2014 ж. 29 қаз.
2014 ж. 28 қаз.
2014 ж. 27 қаз.
2014 ж. 26 қаз.
2014 ж. 25 қаз.
2014 ж. 24 қаз.

Мәңгілік қауіпсіздік
Киелі жазбалардағы «Кітаптың» көп қырлы мағыналарын, Құдайдың үкімінен мәңгілік қауіпсіздікке дейін зерттеңіз.

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқаулықты табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…

Құтқарылу
Егер сен Құдайдың рақымымен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім арқылы құтқарылған болсаң, айтатын оқиғаң болуы…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…