Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан.
Жүніс 2:4
Күнделікті нұр
Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан.
Жүніс 2:4
Ал Сионның халқы былай деген еді: — Құдайым мені ұмытып, тастап кетті! — (Жасаған Иенің жауабы мынау:) — Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!
Ишая 49:14–15
Тыныштық атаулыдан айырылды жаным, Амандықтың не екенін мүлдем ұмытқанмын. Былай дедім: ғайып болды Менің бар күшім, Жаратқан Иеге артқан бүкіл үмітім.
Жоқтау 3:17–18
Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың, Исраил халқы, неге былай деп налисың: «Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған, Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!»
Ишая 40:27
Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:8
Сен менің Патшам әрі Құдайымсың, Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,
Забур жырлары 43:5
Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 4:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 23 қаз.
2014 ж. 22 қаз.
2014 ж. 21 қаз.
2014 ж. 20 қаз.
2014 ж. 19 қаз.
2014 ж. 18 қаз.
2014 ж. 17 қаз.

Таудағы уағыз
Матай 5-7 Иеміз Исаның ізбасарларынан күтетін өмір сүру деңгейіне қатысты көптеген практикалық ілімдерді…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

Келу
Адвент Мәсіхтің әлемнің Жарығы ретінде біздің қараңғылығымызға кіргенін еске түсіреді. Шам жағудың бізді…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…