Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Күнделікті нұр
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Ефремнің ұрпақтары садақпен қаруланған, Ал шайқасар күні кері бұрылып қашқан,
Забур жырлары 77:9
Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Лұқа 18:7–8
Зұлымдықтың кегін қайтарам деме, Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.
Нақыл сөздер 20:22
Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп, Күні бойы жүремін қайғы шегіп.
Забур жырлары 37:7
Осы жолы шайқасатын сендер емессіңдер. Тек сол жерге барып, берік тұрыңдар! Сонда Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер, уа, Яһуда мен Иерусалим халқы! Үрейленіп қорықпаңдар! Ертең оларға қарсы шығыңдар! Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады.
Шежірелер 2-ж. 20:17
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Ғалаттықт. хат 6:9
Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді.
Жақыптың хаты 5:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 29 қаз.
2014 ж. 28 қаз.
2014 ж. 27 қаз.
2014 ж. 26 қаз.
2014 ж. 25 қаз.
2014 ж. 24 қаз.
2014 ж. 23 қаз.

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Құлшылық
Забур 19-да Құдайдан келген екі құдіретті хабарды ашыңыз, Оның жаратылыс арқылы орасан зор құдіретін және Өз…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Сөз
Құдайдың күші арқылы сөйлеуді бақылаудың киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Мейірімділіктің біздің…

Рухани өсу
Түркиядан келген Сұлтан Көсеннің бойы 251 см (8 фут 3 дюйм) болды және секірмей-ақ баскетбол сақинасына жете…

Қайғы
Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…