Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкесінің істегенін көрмесе, Оның рухани Ұлы өздігінен ештеңе істей алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды.
Жохан 5:19
Күнделікті нұр
Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкесінің істегенін көрмесе, Оның рухани Ұлы өздігінен ештеңе істей алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды.
Жохан 5:19
Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Нақыл сөздер 2:6
Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
Лұқа 21:15
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі әрі Жақыптың туған інісі Яһудадан Құдай Әке сүйіспеншілікпен Өзіне бағыштап, қасиетті халқы болуға шақырған, Иса Мәсіх аман сақтап жүрген сенушілерге дұғай сәлем:
Яһуданың хаты 1:1
Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар да бір Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды.
Еврейлерге хат 2:11
Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Еремия 23:24
Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Ефестікт. хат 1:23
Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ!
Ишая 43:11
— Біз енді тек сенің айтқаның бойынша сеніп қоймай, Оның сөзін өзіміз естіп, шынында дүниені Құтқарушы Осы екеніне көз жеткіздік, — деді.
Жохан 4:42
Менімен бірге бір сенімдегі шынайы балам іспетті Титке Құдай Әке мен Құтқарушымыз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін!
Титке хат 1:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 28 қыр.
Руларды санау 6:27
2015 ж. 27 қыр.
Петірдің 1-хаты 5:6
2015 ж. 26 қыр.
Заңды қайталау 32:4
2015 ж. 25 қыр.
Жақыптың хаты 1:4
2015 ж. 24 қыр.
Забур жырлары 73:28
2015 ж. 23 қыр.
Езра 9:9
2015 ж. 22 қыр.
Забур жырлары 104:34

Бауырлас Махаббат
Бұл мақала 1 Жоханға сәйкес мәсіхші бауырластығын анықтайды, ол тек белгілі бір конфессияны емес, Исаға…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Мәңгілік өмір
Ескі Өсиетте мәңгілік өмір екі рет қана айтылады. Бірінші рет «Өрлеу әндерінде» немесе «Дәреже әндерінде»…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Үміт
Иса Мәсіхтің туылуы, өлімі және қайта тірілуі адамзаттың үміттерін қалай орындайтынын және қорқыныштарымызды…

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқаулықты табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…