Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар!
Римдіктерге хат 12:13
Күнтізбе
Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар!
Римдіктерге хат 12:13
Бір күні Дәуіт: «Саулдың әулетінен тірі қалған біреу бар ма екен? Мен Жонатан үшін оған мейірім көрсетейін!» — деп сұрастырды.
Патшалықтар 2-ж. 9:1
Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
Матай 25:34–36
Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:40
Сендерге шындығын айтайын: атақ-шені жоқ осылардың біреуіне Менің шәкіртім болғаны үшін ең болмағанда бір тостаған салқын су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр қалмайды!
Матай 10:42
Сондай-ақ, қолдағы игіліктеріңмен өзара бөлісіп жақсылық жасауды ұмытпаңдар! Мұндай құрбандықтарға да Құдай риза.
Еврейлерге хат 13:16
Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.
Еврейлерге хат 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 25 нау.
Еврейлерге хат 13:5–6
2016 ж. 24 нау.
Жаратылыстың баст. 15:6
2016 ж. 23 нау.
Аян 4:8
2016 ж. 22 нау.
Жаратылыстың баст. 13:10–11
2016 ж. 21 нау.
Аян 3:2
2016 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130
2016 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Отбасы
Отбасылық қарым-қатынасты жақсарту және қарым-қатынастарды емдеу үшін он екі практикалық қадамды ашыңыз…

Көтеріліс
Бағынбаудың ауыр зардаптарын түсініңіз, оны «қабырғаңдағы тікен» бейнелейді. Күнә Құдаймен қарым-қатынасты…

Рухани сыйлар
Иеремия пайғамбар Иеміз оған тапсырған іс үшін таңдалып, бөлініп, тағайындалып, дайындалды. Ол: - Діни…