бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.
Римдіктерге хат 3:23
Күнтізбе
бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.
Римдіктерге хат 3:23
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ,
Римдіктерге хат 3:10
Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Римдіктерге хат 3:12
Шындығында жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешбір күнә жасамайтын әділ адам жоқ.
Уағыздаушы 7:20
Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
Әйүп 25:4
Құдайдың шынайы тыныштық сыйлайтын елге кіргізу жайлы уәдесі әлі де күшінде. Сол себепті бірде-біреуіңнің осы мүмкіндікті жіберіп алмауларың үшін сақ болайық!
Еврейлерге хат 4:1
Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың, Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын. Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.
Забур жырлары 51:3
Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.
Забур жырлары 51:5
Сонда Дәуіт Натанға былай деді: — Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған: — Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың.
Патшалықтар 2-ж. 12:13
Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.
Римдіктерге хат 8:30
Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады. Осы Ізгі хабар аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланып келеді. Мен — Пауыл да оның таратушысына айналдым.
Қолостықт. хат 1:23
сендерге Құдай алдында ұялмайтындай болып жүріңдер деп ескертіп, соған көздеріңді жеткіздік, тіпті өздеріңе жалындық та. Өйткені Құдай сендерді өз Патшалығы мен салтанатты ұлылығына шақырады.
Салониқал. 1-хат 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 11 сәу.
Нақыл сөздер 10:19
2016 ж. 10 сәу.
Таңдаулы ән 1:5
2016 ж. 9 сәу.
Ишая 43:1
2016 ж. 8 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 1:5
2016 ж. 7 сәу.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
2016 ж. 6 сәу.
Еврейлерге хат 7:25
2016 ж. 5 сәу.
Жаратылыстың баст. 32:26

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Христиан өмірі
Имандының Қасиетті Рухтың тұруы арқылы «Мәсіхте» болуының шынайы орнын, жай ғана ақталу мен Құдаймен…

Мәсіхтегі жеке тұлға
Сенушілер, Құдай Сөзі арқылы Мәсіхтегі шынайы тұлғаңызды ашыңыз. Сіз қайта туылғансыз, Жұмақтың азаматысыз…

Кешірім
Рим-католик шіркеуіндегі жыныстық зорлық-зомбылық жанжалы кешіру мен елемеу арасындағы айырмашылықты…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…