Сендер де солай, Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Лұқа 17:10
Күнтізбе
Сендер де солай, Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Лұқа 17:10
«Ал енді, мақтануымызға бола ма?» Мақтанатын түгіміз жоқ. «Не себептен бұлай? Игі істер жасау арқылы ақтала аламыз ба?» Жоқ, сену арқылы ғана ақтала аламыз.
Римдіктерге хат 3:27
Әлдекім сендерді басқалардан ерекше етті ме? Құдайдан қабылдамаған нелерің бар? Бәрін қабылдаған соң, несіне өз жетістігіміз деп мақтанасыңдар?
Қорынттықт. 1-хат 4:7
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын. Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Ефестікт. хат 2:8–10
Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Себебі әлемнің бәрі де Құдайдан, Ол арқылы, Ол үшін пайда болған. Лайым Құдай мадақталсын әрқашан! Аумин.
Римдіктерге хат 11:36
Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз.
Шежірелер 1-ж. 29:14
Ол — рақымның қайнары әрі қамалым, Мықты мұнарам әрі құтқарушым, Қалқандай қорғаушым әрі баспанам, Халқымды Ол билігіме тапсырған.
Забур жырлары 143:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 4 мау.
Хаққай 2:9
2016 ж. 3 мау.
Матай 25:13
2016 ж. 2 мау.
Мысырдан шығу 12:11
2016 ж. 1 мау.
Ғалаттықт. хат 5:22
2016 ж. 31 мам.
Жаратылыстың баст. 32:28
2016 ж. 30 мам.
Еврейлерге хат 4:11
2016 ж. 29 мам.
Леуіліктер 17:11

Төзімділік
Мәсіхшілер дұшпандарын сүюге және төзімді болуға шақырылады, сонымен қатар жалған ілімдер мен ауыр күнәларға…

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…

Қамқорлық
Естердің күшті оқиғасы мен оның Құдайлық тағайындалуы арқылы Құдайдың құдіреті, кездейсоқтық емес, біздің…

Құтқарылу
«Мейірім мен ақиқат» журналы – бұл Ізгі хабарға апта сайын, апта сайын, ерекше, ерекше көзқарас. Ізгі хабарға…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…