Ханша оған: — Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді.
Мысырдан шығу 2:9
Күнтізбе
Ханша оған: — Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді.
Мысырдан шығу 2:9
4-оларға: — Сендер де жүзімдігіме барыңдар! Тиісті ақыларыңды төлеймін, — дейді. Олар да сонда кетеді. Қожайын түскі сағат он екі және үш шамасында да солай істейді.
Матай 20:4
Сендерге шындығын айтайын: Мәсіхтің жолымен жүргендерің үшін сендерге ең болмағанда бір тостаған су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр алақан қалмайды!
Марқа 9:41
Жомарт жан игілікке кенелер, Басқаны сергіткен өзі де сергір.
Нақыл сөздер 11:25
Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.
Еврейлерге хат 6:10
Егуші мен суғарушы екеуіміздің мақсатымыз бірдей, әрқайсымыз да еткен еңбегімізге қарай Тәңір Иемізден лайықты сыйымызды алатын боламыз.
Қорынттықт. 1-хат 3:8
Сонда әділдер Оған: — Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік?
Матай 25:37–38
Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:40
Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!
Матай 25:34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 19 мау.
Еврейлерге хат 12:14
2016 ж. 18 мау.
Мысырдан шығу 25:21–22
2016 ж. 17 мау.
Філіпілікт. хат 4:6
2016 ж. 16 мау.
Ефестікт. хат 5:15–16
2016 ж. 15 мау.
Заңды қайталау 29:29
2016 ж. 14 мау.
Філіпілікт. хат 3:10
2016 ж. 13 мау.
Жохан 15:4

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Бейбітшілік
Исаның Ғалилеядағы дауыл кезіндегі тыныштығы өмір сынақтарында Құдайға сенудің және Оның қамқорлығында…

Шәкірттік
Бұл мақала «нағыз адам» болудың христиандық түсінігін зерттейді, өз ұрпағына кішіпейілдікпен қызмет етуге…
Жігерлендіру
Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Шәкірттік
Исаның сіз үшін не істегенін, не істеп жатқанын және не істейтінін зерттеңіз. Оны толық сүю және басқаларға…