Иса екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып: «О, Әкем, егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын!» — деп мінажат етті.
Матай 26:42
Күнтізбе
Иса екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып: «О, Әкем, егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын!» — деп мінажат етті.
Матай 26:42
«Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
Еремия 10:23
Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!»
Матай 26:39
Ол Жаратқан Иеге уәде етті, Жақыптың сиынатын құдіретті Құдайына былай деп ант берді:
Забур жырлары 131:2
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:26–27
Алайда Иса жауап беріп: — Не сұрап тұрғандарыңды ұқпайсыңдар! Мен (Құдайдың қаһарына толы) «тостағаннан ішпекпін». Ал сендер солай істей аласыңдар ма? — деді. Екі шәкірт: — Иә, істей аламыз, — дегенде, Иса:
Матай 20:22
Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін!
Забур жырлары 106:15
Міне, осы оқиғалар бізді ата-бабаларымыздай жамандыққа құмар болудан сақтандырып, үлгі болып тұр:
Қорынттықт. 1-хат 10:6
Жалпы, сендерді уайым-қайғы баспаса екен деймін. Үйленбеген ер адам Иемізге ұнауға ұмтылып, Оның ісінің қамын ойлайды.
Қорынттықт. 1-хат 7:32
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 4 там.
Жохан 19:30
2016 ж. 3 там.
Лұқа 1:50
2016 ж. 2 там.
Аян 13:8
2016 ж. 1 там.
Ефестікт. хат 2:8
2016 ж. 31 шіл.
Тімотеге 2-хат 2:3
2016 ж. 30 шіл.
Қолостықт. хат 3:1
2016 ж. 29 шіл.
Ишая 64:1

Бейбітшілік
Өмірдің ең қиын жағдайларының ортасында да Құдайдың сүйіспеншілігінде ішкі тыныштық пен демалысты қалай…

Жаңа жаратылыс
Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…

Израиль
Забур 106 Құдай халқының қайталанған, табанды сәтсіздіктерін баяндайды. Оның істерін ұмыту арқылы олар күнәға…

Құтқарылу
Ұсыныс Иеміз Исаның Қалвари крестіндегі аяқталған ісінің арқасында қолжетімді (Жох. 19:30), Ол Оған сенім…

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Киелі Рух
Римдіктерге 8:1 – бұл абсолютті ақиқат мәлімдемесі: «Енді Мәсіх Исаның оң қолында болғандарға ешқандай…