Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы да қиямет күні осы ұрпақпен бірге сот алдында тұрып, оның қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлеймен патшаның даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!)
Матай 12:42
Себебі Сәби дүниеге келді,
Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!
Билік Оның қолында қала береді:
Ол «керемет ақылды Кеңесші,
Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші»
Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Тіпті әділ біреу үшін өмірін құрбан ететін ешкім жоқ іспетті. Тым болмағанда, шынайы ізгі адам үшін бірен-саран кісі өмірін қиюға даяр болуы мүмкін. Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.
Римдіктерге хат 5:7–8
Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра,
Ол Онысына жармасқан жоқ, қайта,
Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан
Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын:
Ол адам секілді бұ дүниеге келді,
Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді.
Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды,
Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Філіпілікт. хат 2:6–8
адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін!
Ефестікт. хат 3:19
Алайда яһудилер мен басқа халықтардан шақырылғандар Мәсіхті «Құдайдың құдіреті мен даналығы» деп түсінеді.
Қорынттықт. 1-хат 1:24
Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
Қолостықт. хат 2:3
Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді:
Ефестікт. хат 3:8
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30