Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Ишая 40:31
Күнтізбе
Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Ишая 40:31
Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Қорынттықт. 2-хат 12:10
Ал енді Жаратқан Ие сөйлейді. Ол мені анамның құрсағында қалыптастырып, Өзінің қызметшісі болуға дайындаған еді. Маған Жақыптың үрім-бұтағын, Исраил халқын, Өзінің қасына қайтарып жинауды тапсырды. Өйткені Жаратқан Иенің алдында қадірлімін, Құдайым маған күш-қуат сыйлайды.
Ишая 49:5
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!
Ишая 27:5
Бірақ үнемі керулі оның садағы, Керемет епті қарулы қолдары. Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы — Исраилді қолдап жүретін Бағушысы Әрі жылжымас Жартасы қорғайды.
Жаратылыстың баст. 49:24
Әлгі кісі: — Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып: — Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры.) Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімнің Түкпірінен шыққан ойды былай деймін: Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.
Забур жырлары 35:1–2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 9 қыр.
Лұқа 1:53
2016 ж. 8 қыр.
Даниял 5:27
2016 ж. 7 қыр.
Римдіктерге хат 12:12
2016 ж. 6 қыр.
Жоқтау 3:41
2016 ж. 5 қыр.
Қорынттықт. 1-хат 12:12
2016 ж. 4 қыр.
Рут 3:18
2016 ж. 3 қыр.
Мысырдан шығу 13:7

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…

Мәңгілік қауіпсіздік
Киелі жазбалардағы «Кітаптың» көп қырлы мағыналарын, Құдайдың үкімінен мәңгілік қауіпсіздікке дейін зерттеңіз.

Сабырлық
Құдай мектебінде Иемізді күту арқылы шыдамдылықты үйреніңіз. Өмірдің қиындықтары кезінде сыртқы жағдайларға…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Рухани өсу
Түркиядан келген Сұлтан Көсеннің бойы 251 см (8 фут 3 дюйм) болды және секірмей-ақ баскетбол сақинасына жете…