Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Күнтізбе
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді: — Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой! Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын! Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
Аббақұқ 2:2–3
Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Петірдің 2-хаты 3:8–9
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
Ишая 64:1
Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
Ишая 64:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29
2016 ж. 3 қаз.
Аян 1:5
2016 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
2016 ж. 1 қаз.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
2016 ж. 30 қыр.
Әйүп 23:10
2016 ж. 29 қыр.
Жоханның 1-хаты 3:16
2016 ж. 28 қыр.
Руларды санау 6:27

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Шәкірттік
Автор қарт әулиенің басқа сенушілерге қамқорлық жасау туралы өлер алдындағы тілегін баяндайды, Құдайдың…

Қорқыныш
Дәуіттің қорқыныштан сенімге дейінгі жолын зерттеңіз, Құдайдың рақымын және сенушінің Мәсіхтегі мәңгілік…

Христология
«Толықтай сүйкімді» деген еврей сөзінің мағынасын зерттеп, неліктен Мәсіх қана адам жүрегінің әрбір қалауын…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Төзімділік
Мәсіхшілер дұшпандарын сүюге және төзімді болуға шақырылады, сонымен қатар жалған ілімдер мен ауыр күнәларға…