Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп
Лұқа 18:1
Күнтізбе

Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп
Лұқа 18:1
Иса (мінажат ету туралы тәлімін жалғастырып) оларға былай деді: — Араларыңдағы біреудің досы бар дейік. Түн ортасында ол соның үйіне барып, одан: «Досым, маған қарызға үш күлше нан бере тұршы. Себебі жаңа ғана бір жолдасым жолаушылап келіп қалған еді. Үйімде оған беретін ештеңем болмай тұр», — деп сұрайды. Бірақ сол кісі іштен дауыстап жауап беріп: «Мені мазалама! Есігім бекітулі, балаларым да, өзім де жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын», — дейді. Сендерге айтамын, сол адам төсегінен тұрып, сұрағанын тіпті дос болғаны үшін бермесе де, көршісі қадалып сұрап тұрып алғандықтан, ақыры оған қажетінің бәрін береді.
Лұқа 11:5–8
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Әлгі кісі: — Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып: — Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
Әлгі: — Сен енді қайтып Жақып деп аталмайсың. Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың, — деді.
Жаратылыстың баст. 32:28
Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер!
Қолостықт. хат 4:2
Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды.
Лұқа 6:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 6 мау.
Софония 3:17
2017 ж. 5 мау.
Лұқа 17:10
2017 ж. 4 мау.
Хаққай 2:9
2017 ж. 3 мау.
Матай 25:13
2017 ж. 2 мау.
Мысырдан шығу 12:11
2017 ж. 1 мау.
Ғалаттықт. хат 5:22
2017 ж. 31 мам.
Жаратылыстың баст. 32:28
Қайғы
Сынақтардың құндылығы – Grace & Truth журналының «Сынақтардың құндылығы» атты мақаласы. Сынақтардың құндылығы…
Жақыптың айлакерлік пен өзіне-өзі сенімділік өмірін, оның Құдаймен күресін және қалай сынғандық арқылы бата…

Құтқарылу
Бұл мақала құтқарылу, таңдау, қасиеттену және сенушінің Мәсіхтегі өмірін қоса алғанда, христиандықтың іргелі…
Әйелдер
Исаның әйелдерге қалай құрметпен қарағанын біліңіз. Мәсіхші ерлерге қарым-қатынаста Мәсіхтің үлгісін ұстану…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…