Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған. Сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек.
Заңды қайталау 29:29
Күнтізбе

Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған. Сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек.
Заңды қайталау 29:29
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсірші Қиындық молынан көрген Дәуітті. Ол Жаратқан Иеге уәде етті, Жақыптың сиынатын құдіретті Құдайына былай деп ант берді:
Забур жырлары 131:1–2
Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар:
Даниял 2:28
Ал бұлар Құдайдың істерінің жай бір бөлігі ғана, Оның Өзі туралы естігеніміз тым аз! Егер Оның құдіреті туралы дүркіретіп жарияланса да, оны кім түсіне алар еді?
Әйүп 26:14
Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Жохан 15:15
Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар! Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
Жохан 14:15–17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 14 мау.
Філіпілікт. хат 3:10
2017 ж. 13 мау.
Жохан 15:4
2017 ж. 12 мау.
Руларды санау 31:23
2017 ж. 11 мау.
Лұқа 15:20
2017 ж. 10 мау.
Лұқа 15:13
2017 ж. 9 мау.
Жохан 7:46
2017 ж. 8 мау.
Жаратылыстың баст. 39:3

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Бос әурешілік
Бұл мақала нарциссизм мен өзімшілдік күнәсін зерттейді, сенушілерді Құдай Сөзі арқылы Мәсіхтегі шынайы…
Жұмақ
Жұмақ – жаратылыстағы материалдық орын емес, Құдай мекендейтін рухани әлем. Киелі кітаптың үшінші жұмақ…