Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді.
Лұқа 12:15
Күнтізбе

Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді.
Лұқа 12:15
Өйткені, Жаратқан Ие, Өзіңе сенем, Сен жауап бересің, уа, Құдай Ием.
Забур жырлары 37:16
Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөрі Азды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.
Нақыл сөздер 15:16
Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы, Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы, Тек бере гөр күнделікті нанымды. Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?» Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін, Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін, Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.
Нақыл сөздер 30:8–9
Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
Матай 6:11
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
Матай 6:25
Содан кейін Иса шәкірттеріне: — Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды.
Лұқа 22:35
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой.
Еврейлерге 13:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 22 қаз.
Забур жырлары 108:1
2017 ж. 21 қаз.
Жохан 1:16
2017 ж. 20 қаз.
Римдіктерге 7:22
2017 ж. 19 қаз.
Нақыл сөздер 3:26
2017 ж. 18 қаз.
Жохан 19:34
2017 ж. 17 қаз.
Забур жырлары 89:16
2017 ж. 16 қаз.
Римдіктерге 12:11

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…

Адвокаттық
Иса, біздің Қорғаушымыз, Құдай алдында біз үшін қалай араша түсетінін және бізді күнәдан тазарту үшін Құдай…

Құтқарылу
Бүкіл Киелі кітап Құдайдан шабыттандырылған, тек жалпы ойлар, идеялар немесе принциптер ғана емес, Құдайдан…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…