Ежелде айдалада сыналған кезде Бас көтергендердің істегендері секілді Қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!
Еврейлерге 3:8
Күнтізбе

Ежелде айдалада сыналған кезде Бас көтергендердің істегендері секілді Қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!
Еврейлерге 3:8
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді. Сонда құмарлыққа берілсе, сол күнәні тудырады, ал күнә жасау рухани өлімге ұшыратады.
Жақып 1:13–15
Үмітсіз жағдай мен түнектен шығарды, Байланған құрсауларын сындырып лақтырды.
Забур жырлары 106:14
Киелі Рухқа кенелген Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты. Сонда әзәзіл шайтан Оған: — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді.
Лұқа 4:1–3
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге 2:18
Иеміз Иса Шимон Петірге: — Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді. Бірақ Мен сенімің таусылмасын деп сен үшін мінажат еттім. Сен Құдай жолына қайтқаннан кейін бауырластарыңның сенімін нығайтатын бол, — деп ескертті. Ал Петір:
Лұқа 22:31–32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 19 ақп.
Нақыл сөздер 2:6
2018 ж. 18 ақп.
Еремия 17:17
2018 ж. 17 ақп.
Леуіліктер 4:12
2018 ж. 16 ақп.
Таңдаулы ән 1:3
2018 ж. 15 ақп.
Нақыл сөздер 20:9
2018 ж. 14 ақп.
Матай 3:15
2018 ж. 13 ақп.
Езекиел 1:26

Құдай Патшалығы
Құдай жаратылыстың ең басынан бастап ойлаған еді. Ол Адам мен Хауаны жаратқанда, Құдай Адамды Өзін көрсету…

Құлшылық
Киелі шатыр сенушілердің Мәсіх арқылы Құдайдың алдына қалай кіретінін көрсетеді. Әрбір элементтің рухпен және…

Құтқарылу
Ұсыныс Иеміз Исаның Қалвари крестіндегі аяқталған ісінің арқасында қолжетімді (Жох. 19:30), Ол Оған сенім…

Сенім
Құдайдың сарқылмайтын ресурстары мен шексіз мүмкіндіктері оған ешнәрсенің тым үлкен немесе тым кішкентай емес…

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…

Зұлымдық мәселесі
Құдайдың жаратылысы зұлымдыққа қарамастан өте жақсы екенін біліңіз. Азаптың Оның сүйіспеншілігі мен даңқын…