Яһуда есегін мықты жүзім бұтасына, Қодығын байлап қояды жүзім сабағына. Ол өз шапанын жүзім шарабына, Киімін жуатын болады жүзім шырынына.
Жаратылыстың баст. 49:11
Күнтізбе

Яһуда есегін мықты жүзім бұтасына, Қодығын байлап қояды жүзім сабағына. Ол өз шапанын жүзім шарабына, Киімін жуатын болады жүзім шырынына.
Жаратылыстың баст. 49:11
Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін: Досымның жүзімдігі құнары асқан Қыраттың беткейіне орналасқан. Досым оның топырағын қопсытып, Тазартты барлық тастардан арылтып, Таңдаулы бұталарды отырғызып, Күзетуге мұнара салды қойып. Жүзім шырынын таптап сығуға арнап Шұңқыр да жасап қойды әктастан қашап. Содан тәтті жемістің шығуын күтті, Жүзімдер бірақ ащы болып шықты!
Ишая 5:1–2
Сені жемісі құнды асыл тұқымды жүзім бұтасы деп отырғызған едім. Қалайша енді бөгде жүзім бұтасының жабайы сабақтары болып шыға келдің?!
Еремия 2:21
Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;
Ғалаттықт. хат 5:19
күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ. Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:21–23
— Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім өсіруші». Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:1–2
Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.
Жохан 15:4
Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
Жохан 15:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 23 қаң.
Римдіктерге 5:5
2019 ж. 22 қаң.
Забур жырлары 48:14
2019 ж. 21 қаң.
Жохан 15:2
2019 ж. 20 қаң.
Ишая 9:6
2019 ж. 19 қаң.
Елшіл. істері 20:19
2019 ж. 18 қаң.
Римдіктерге 5:14
2019 ж. 17 қаң.
Ишая 38:17

Әділдік
Әділдік жемісін зерттеңіз: оның қасиетті табиғаты, оның бейбітшілікте қалай себілетіні, Құдайдың жазалауы…
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.
Мақсат
Өмірдегі шынайы мақсатымыз — Құдайды даңқтау. Күнә мұны мүмкін емес етеді, бірақ Иса Мәсіхке деген сенім…
Құлшылық
Біз Исаны барлық даңқында көретін күнді асыға күтеміз. Жақында біз Онымен бірге және Оған ұқсас болып, Оның…
Киелендіру
Құдайдың түпкі мақсатын ашыңыз: сізді Өз Ұлының бейнесіне сәйкестендіру. Барлық нәрсе, жағымды және жағымсыз…
Рухани жеміс
Жемістің рухани маңызын, яғни сенушілердегі Мәсіхтің көрінісін ашыңыз. Әрбір сенуші үшін жеміс беру – бұл…