Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны.
Мысырдан шығу 16:15
Күнтізбе

Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны.
Мысырдан шығу 16:15
Себебі көктен түсіп, адамзатқа өмір Беруші — «Құдайдың наны», — деп жауап қайтарды.
Жохан 6:33
Ата-бабаларың айдалада тәтті нанды жесе де, ақырында өлді.
Жохан 6:49
Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.
Жохан 6:51
Себебі денем — шынайы рухани «нәр», ал қаным — шынайы рухани «сусын».
Жохан 6:55
Исраилдіктер солай істеп, біреуі көп, біреуі аз жинады. Ал тегешпен өлшеген кезде көп жинаған кісіден артылған жоқ, аз жинаған мұқтаж да болған жоқ. Әркім өзінің жеуіне қажетінше жинапты.
Мысырдан шығу 16:17–18
Күн сайын таң ата әркім өзінің жегенінше жинап алатын болды. Күн қызған кезде қабыршықтар еріп кетіп отырды.
Мысырдан шығу 16:21
Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Матай 6:31–33
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 29 там.
Нақыл сөздер 16:20
2019 ж. 28 там.
Аян 12:10
2019 ж. 27 там.
Забур жырлары 119:105
2019 ж. 26 там.
Мысырдан шығу 28:36
2019 ж. 25 там.
Ишая 51:1
2019 ж. 24 там.
Мысырдан шығу 3:7
2019 ж. 23 там.
Еремия 31:3
Түлену
Біздің күнделікті ақпаратымыз ойымызды қалыптастырады. Құдай сөзімен және Исамен айналысу ой-санаңызды қалай…

Иса Мәсіх
Иса суға батып бара жатқандарды құтқарады, біздің сенімсіздігімізге көмектеседі және біздің күрестерімізге…
Құдайға қол жеткізу
Жаңа Өсиеттегі «қол жеткізу» сөзінің рухани мағынасын зерттеңіз. Сенушілердің Иса Мәсіх арқылы Құдайдың…

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…
Христология
Иса Мәсіхтің кемел адамгершілігі, тартымды қасиеттілігі және барлығына деген мейірімді қызметі арқылы Оның…
Ескертулер
Еврейлерге 4-тараудағы бағынбаушылық пен сенімсіздікке қарсы ескертуді зерттеңіз. Қатал жүректің Құдайдың…