Құдай Өзінің бүкіл болмысының рухани Ұлында тұрғанын ұнатты.
Қолостықт. хат 1:19
Күнтізбе

Құдай Өзінің бүкіл болмысының рухани Ұлында тұрғанын ұнатты.
Қолостықт. хат 1:19
Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған.
Жохан 3:35
Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның Атағын Көктегі, жердегі, жер астындағылардың Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да Жаратқан Ие деп ашық мойындауға Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.
Філіпілікт. хат 2:9–11
Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем.
Ефестікт. хат 1:21
Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған.
Қолостықт. хат 1:16
Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді.
Римдіктерге 14:9
Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.
Қолостықт. хат 2:10
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 15 қаң.
Забур жырлары 119:25
2020 ж. 14 қаң.
Жохан 14:28
2020 ж. 13 қаң.
Ишая 26:3
2020 ж. 12 қаң.
Яһуда 25
2020 ж. 11 қаң.
Забур жырлары 65:1
2020 ж. 10 қаң.
Салониқал. 1-хат 5:23
2020 ж. 9 қаң.
Забур жырлары 60:4

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…
Еврейлерге 1 Иса Мәсіхтің теңдессіз ұлылығын ашады. Ол күнәларды тазартқан және Құдайдың оң жағында отырған…
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Рождество
Бұл Рождестволық өлең Исаның Бетлехемде туылғанда оған орын болмағанын және бүгінде көптеген адамдар оны әлі…
Өтеу
Jesus Christ died on the cross to atone for humanity's sins. Learn why His sacrifice was necessary and how it…