Иса неге өлді?
«Құдай әлемді сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын берді, Оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие болсын». — Жохан 3:16
Біз неге өлеміз
Сен де, мен де күнәкар болғандықтан өлеміз. Біз Құдайдың әділ өлім және сот үкіміне ұшырадық (Римдіктерге 3:23, 6:23; Еврейлерге 9:27).
Өлімнің Иса Мәсіхке ешқандай талабы болмады
Иеміз Иса Мәсіх көктен түсті (Жохан 6:41). Ол Киелі Рухтан бойына бітіп, Мәриям есімді пәк қыздан туылды (Матай 1:18,20,23). Оның біздегідей күнәкар табиғаты болмады, және Ол ешқашан күнә жасамады (1 Жохан 3:5; 1 Петір 2:22). Сондықтан, өлімнің Оған ешқандай талабы болмады.
Ол зұлым адамдардың Өзін айқышқа кергеніне ерікті түрде жол берді
Ол зұлым адамдардың Өзін Қалварида айқышқа кергеніне ерікті түрде жол берді (Жохан 6:38; 10:17-18).
Егер Ол айқыштан түскісі келсе, ешнәрсе Оған кедергі бола алмас еді – шегелер де, Рим империясының күші де. Иеміз Иса Мәсіхті көктен түсіріп, сол ұятты айқышқа апарып, құтқару ісін аяқтағанға дейін Оны сол жерде ұстап тұрған – сенің қымбат, өлмейтін жаныңа деген сүйіспеншілік болды (Жохан 19:30).
Басқа жол жоқ
Құдіретті Құдай сені күнәларыңның әділ жазасынан құтқара алатын басқа жол да, басқа адам да болмады (Елшілердің істері 4:12; 1 Жохан 4:9-10).
Құдайдың мақұлдауы
Құдай Мәсіхтің айқыштағы ұлы ісін мақұлдады және Оны өлімнен тірілтіп, көкте Өзінің оң жағына отырғызу арқылы көрсетті (Елшілердің істері 5:30). Ол қазір сол жерде – тірі, сүйіспеншілікке толы Адам, біздің күнәларымыз үшін өлген кезде алған қолдары мен аяқтарындағы тыртықтары әлі бар (Жохан 20:27).
Сен мұны оқып отырғанда, Ол көктен саған қарап тұр және Ол сенің жүрегіңнің ойлары мен ниеттерін біледі. Ол сенің күнәларың туралы және Өзі туралы не ойлайтыныңды біледі. Ол сенің Құтқарушың болғысы келеді.
Иса неге өлді?
Ол сенің күнәларың үшін өлді! Сенің көптеген күнәларың Оның өлуіне себеп болғанын түсінуің керек. Және бір ғана күнә сені Құдайдың кемел көгінен мәңгілікке шеттетуге жеткілікті. Бірақ сен Құдайдың кешірімін Оған күнәларыңды мойындау арқылы және Оған өзіңнің орныңа келген Құтқарушы ретінде сену арқылы ала аласың (Римдіктерге 10:9).
Сен маған бейтаныс болсаң да, Құдайға бейтаныс емессің; Ол сен туралы бәрін біледі. Иеміз Иса Мәсіх сені күнәларыңның жазасы мен күшінен жеке құтқарды ма? Киелі кітапқа сүйене отырып, бұған сенімдісің бе? Егер сен Оны қазір Құтқарушы ретінде қабылдамасаң, ақырында Оның алдында Сот ретінде тұрасың, бірақ ол кезде мәңгілікке кеш болады! (Жохан 5:22; Аян 20:11-15).
Сен не істейсің?
«Оған сенген адам сотталмайды; ал сенбеген адам қазірдің өзінде сотталған, өйткені ол Құдайдың жалғыз Ұлының атына сенбеген». (Жохан 3:18) «Және сендер білесіңдер, Ол біздің күнәларымызды жою үшін көрінді, және Онда күнә жоқ» (1 Жохан 3:5). «Егер біз осындай ұлы құтқарылуды елемесек, қалай құтыламыз?» (Еврейлерге 2:3)