Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге 10:37
Күнтізбе

Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге 10:37
Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді: — Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой! Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын! Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
Аббақұқ 2:2–3
Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар. Иеміз Мәсіх — адамдар «менсінбей бас тартқан», бірақ Құдай бағалы деп таңдаған «тірі Тас» іспетті. Оған келген сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар. Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын. Енді Оған сенімін артқан әркім Ұятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді.
Петір 2 3:8–9
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
Ишая 64:1
Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
Ишая 64:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2021 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29
2021 ж. 3 қаз.
Аян 1:5
2021 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
2021 ж. 1 қаз.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
2021 ж. 30 қыр.
Әйүп 23:10
2021 ж. 29 қыр.
Жохан 1 3:16
2021 ж. 28 қыр.
Руларды санау 6:27

Үміт
Қиын уақытта отбасыңыз үшін үміт табыңыз. Бұл мақала Құдайдың өзгермейтін табиғаты, Оның Сөзі және дұғаның…

Кешірім
Ғылыми зерттеулер Киелі кітаптың кешірім туралы шындығын растайды. Реніштерді босату стрессті азайтады…

Құдайдың Құдіреті
Құдай Оны сеніммен және үмітпен күткендер үшін белсенді жұмыс істейді. Киелі кітаптағы мысалдардан үйреніңіз…

Жүсіп
Мысырда Жүсіптің билікке келуі Мәсіхтің әмбебап Иемденушілігін алдын ала көрсетеді. Неліктен әркім әлемнің…
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.
Берілу
Құдайға бағыну, Мәсіхке сену және күнәларды мойындау тұрақты тыныштыққа, күшке және қуанышқа толы өмірге…