Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендерге тыныштық сыйлайтын орынға, өздеріңнің меншікті жерлеріңе әлі жеткен жоқсыңдар.
Заңды қайталау 12:9
Күнтізбе

Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендерге тыныштық сыйлайтын орынға, өздеріңнің меншікті жерлеріңе әлі жеткен жоқсыңдар.
Заңды қайталау 12:9
Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».
Миха 2:10
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге 4:9
Бұл үмітіміз — берік зәкір сияқты жанымыздың сенімді сүйеніші; ол көктегі киелі үйдің ішіндегі «шымылдықтың арт жағында» Құдайдың Өзімен бекітілген. Сол жерге Исаның Өзі кіріп, осы арқылы бізге де сонда кіруге жол ашты. Себебі Иса — Мәліксадық сияқты тағайындалған мәңгілік Бас діни қызметкеріміз.
Еврейлерге 6:19–20
Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп. Егер солай болмаса, Мен сендерге айтқан болар едім ғой. Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:2–3
екеуіне де құштармын: бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы,
Філіпілікт. хат 1:23
Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».
Аян 21:4
Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.
Әйүп 3:17
Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.
Матай 6:20–21
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 3 қаң.
Забур жырлары 107:7
2022 ж. 2 қаң.
Ишая 42:10
2022 ж. 1 қаң.
Філіпілікт. хат 3:13–14
2021 ж. 31 жел.
Заңды қайталау 1:31
2021 ж. 30 жел.
Қорынттықт. 1-хат 1:8
2021 ж. 29 жел.
Ефестікт. хат 5:17
2021 ж. 28 жел.
Марқа 2:5

Өлім
Өлгеннен кейінгі өмір, сот және мәңгілік туралы Киелі кітап не айтатынын зерттеңіз. Иса Мәсіхке деген сенім…
Өлімнен кейінгі өмір
Құдай Иеміз зұлымның өліміне қуанбайтынын, керісінше, зұлымның өз жолынан бұрылып, өмір сүргеніне қуанатынын…
Екінші келу
Иеміздің келуіне адал өмір сүру, өзін-өзі бағалау және басқаларды ынталандыру арқылы дайындалыңыз.
Көтеріліс
Күнәға қайта оралма. Исраилдің шөл даладағы саяхаты бағынбаушылық пен сенімсіздіктің қымбат бағасын…
Ақыр заман
Мәсіх пен Оның құтқарылғандары кемел бақытта өмір сүретін жаңа аспан мен жаңа жердің мәңгілік күйін ашыңыз.

Өлім
Өлгеннен кейінгі өмір, сот және мәңгілік туралы Киелі кітап не айтатынын зерттеңіз. Иса Мәсіхке деген сенім…

Өлімнен кейінгі өмір
Құдай Иеміз зұлымның өліміне қуанбайтынын, керісінше, зұлымның өз жолынан бұрылып, өмір сүргеніне қуанатынын…

Екінші келу
Иеміздің келуіне адал өмір сүру, өзін-өзі бағалау және басқаларды ынталандыру арқылы дайындалыңыз.
Жұмақ
Жұмақ пен тозақтың библиялық сипаттамаларын зерттеңіз және Иса Мәсіх арқылы Құдайдың құтқаруы туралы біліңіз.

Көтеріліс
Күнәға қайта оралма. Исраилдің шөл даладағы саяхаты бағынбаушылық пен сенімсіздіктің қымбат бағасын…