Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.
Аян 12:11
Күнтізбе

Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.
Аян 12:11
Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.
Римдіктерге 8:33–34
Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады.
Леуіліктер 17:11
Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін! Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар.
Мысырдан шығу 12:12–13
Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.)
Римдіктерге 8:1
Мұнан кейін ақсақалдардың бірі маған: — Ақ шапан киген мына адамдар кімдер, олар қайдан келді? — деген сұрақ қойды. — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Аян 7:13–14
және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі. Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты, һәм бізді өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды. Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек! Аумин.
Аян 1:5–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 13 мам.
Тимотейге 1 2:8
2022 ж. 12 мам.
Жохан 1 4:7
2022 ж. 11 мам.
Қорынттықт. 1-хат 15:34
2022 ж. 10 мам.
Жохан 1 3:8
2022 ж. 9 мам.
Еврейлерге 11:1
2022 ж. 8 мам.
Ишая 53:10
2022 ж. 7 мам.
Матай 24:6
Өтеу
Адам істері мен діни әрекеттер бірде-бір күнәні жоя алмайды. Құтқарылу тек Иса Мәсіхтің өтеуші қанында…

Дұға
Мінезі мен дұғасы арқылы Құдай үшін өзгеріс жасаған Жабесті қалай танығаныңызды біліңіз. 1 Шежірелер…
Күнәні мойындау
Дәуіттің күнәсі оны Ахишпен бірге тұзаққа түсіріп, мойындаудың жоғары құнын көрсетеді. Саулдың қорқынышы оны…

Дұға
Мінезі мен дұғасы арқылы Құдай үшін өзгеріс жасаған Жабесті қалай танығаныңызды біліңіз. 1 Шежірелер…
Киелі Рух
Бұл мақала Киелі Рух туралы кең таралған қате түсініктерді түзетіп, Оның Құдайлық тұлғалығын, құдайлығын және…
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.
Құдайдың еркі
Исаның атымен, Құдайдың еркіне сәйкес және таза ар-ожданмен дұға ету сияқты тиімді дұғаның библиялық…