2023 ж. 19 наурыз, жексенбі

Күнтізбе

2023 ж. 19 нау.

Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым, Гүрлеген көгершіндей аһыладым. Ұдайы аспанға қарап талды көзім, Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!

Ишая 38:14

Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.

Лұқа 21:33

Ал енді, адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Шын жүректен, бар жан дүниелеріңмен мынаны мойындауларың керек: Құдай Иелеріңнің өздеріңе берген барлық игілікті уәделерінің біреуі қалмастан бәрі жүзеге асты. Оның бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ.

Ешуа 23:14

— Еш нәрседен қорықпа, Құдайға ұнамды жан! Аман-есен, күшті де батыл бол! — Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып, оған былай дедім: — Мырзам, сіз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта беріңіз! —

Даниял 10:19

Дегенмен енді нығайып батыл бол, уа, Зоробабел! — дейді Жаратқан Ие. — Сен де нығайып батыл бол, уа, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа! Нығайып батыл болыңдар, уа, елдің бүкіл халқы! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Еңбек етіңдер! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді. —

Хаққай 2:4

Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —

Зәкәрия 4:6

Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!

Ефестікт. хат 6:10

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер